Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық қызға бейтаныс адам "танымал болмайсың" деп балағаттаған – Желі қолданушылары оны қолдап жатыр

Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде бейтаныс еркектің видео түсіріп жүрген қызды балағаттап, дөрекі сөздер айтқан видеосы тарады. Ер адамның ерсі әрекеті желі қолданушыларының ашуын тудырды. Қыздың кездейсоқ түсіріп алған видеосы қысқа уақытта 3 миллионна астам қаралым жинады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бойжеткен видео түсіргелі жатқанда жанына бейтаныс ер адам келіп оны сөзге тартқан.

“Жұмысқа бармас бұрын бірнеше TikTok түсіріп алайын дедім. Соңғы видеоны түсірердің алдында бір ер адам маған келіп, сыпайы түрде “Сізде қанша оқырман бар?” деп сұрады.
Мен “Көп емес, неге сұрадыңыз?” деп жауап бердім. Сол сәтте ол өзімен бірге видеоға түскен түрлі адамдардың аттарын айта бастады. Мен жымиып, “керемет екен” дедім де, әңгіме аяқталды деп түйдім. Камераны қосып, тезірек түсіріп алып жұмыстарыммен кетпек болдым. Ал әрі қарай не болғанын — видеодан көрдіңіздер”, – деп жазды қыз.

Ер адам қыздың сағын сындырмақ ниетте оған ауыр сөздер айта бастады.

“Сізге, қабілетіңізге қарап тұрсам талантыңыз жоқ. Бірден айтайын, ешқашан танымал болмайсыз. Қартайғанша TikTok түсіріп жүресіз. Көп дегенде 1000 оқырманыңыз болар. Мен 100 оқырманды  бір аптада жинаймын. Тағдырыңыз сондай болғанына жаным ашиды. Тағдырыңа бақытсыз болу жазылған. Мен көріпкелмін. Ұсқынсызсың. Өзіңді “әдемімін” деп санайсың, өз бағаң жоғары екен”, – деп балағаттап, ауызна келгенін айтты.

Алғашында оның сөздеріне өте сабырлы жауап берген қыз боғауыз сөзге шыдамай, полиция шақыратынын айтты. Полициядан сескенген еркек тайып тұрды.

“Мен ренжідім бе? Жоқ. Бақытымызға орай, анам мені өз-өзін бағалай білетін адам етіп тәрбиеледі. Көріп тұрғаныңыздай, кей адамдардың бойы тұнып тұрған ашу, сол ашуды айналасындағы адамдардан шалады. Сол себепті ондайларға мән бермеңіздер. Өз өміріңізді сүріңіз, ұнаған іспен айналысыңыздар және бос сөздерге құлақ аспаңыздар”, – деп жазба қалдырды бойжеткен.

Видеоны көрген желі қолданушылары қызға қолдау білдіріп, оның парақшасын дамытуға көмектесуге дайын екенін жеткізді. Олар ер адамды қорлағаны үшін сотқа беруге кеңес берді.

“Түсіріп, сотқа беру керек еді. Сіз – кереметсіз, не деген ұстамдылық”, “Мен ойымда мұнымен төбелесіп жатырмын”, “Есі дұрыс па?!”, “Әйел бақытты болса, өз ісімен айналысып жүрсе еркектер өстиді”, “Мен өзімді-өзім ұстай алмас едім”, “Сіз секілді ұстамды болғым келеді. Қарап отырып ызадан тұншығып қала жаздадым”, “Өзі келді, өзі балағаттап, өзі ренжіп кетті”, “Сіз онсыз да танымалсыз”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.

Айым Болатқызы
Жұма, 24 Қазан, 2025 15:49
Талқылау