Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Таксист пен әйелі қылмыскер болып шықты: Алматыда жоғалып кеткен әйел өлі күйінде табылды

Алматыда сұлулық салонында жұмыс істейтін әйел 27 мамыр күні жоғалып кетті. Оны іздеген полицейлер екі адамды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz.

Таксисит пен әйелі қылмыскер болып шықты: Алматыда жоғалып кеткен әйел өлі күйінде табылды

Батура Гадирова Алматы облысының Іле ауданында орналасқан үйіне қайтар жолда жоғалып кетті. Жақындары полицияға арызданады. Батураны соңғы рет Алматыда көргендіктен істі қаладағы Түрксіб аудандық полициясы жүргізді. Кейін іздеуге Алматы облыстық полицейлері қосылды. Олар іздеу барысында ерлі-зайыптыны қолға түсірді. Олар әйелдің жоғалу ісіне қатысты болды. 

"Іздеу іс-шараларын жүргізу барысында әйелдің тонау құрбаны болғаны туралы болжам жасалды. Нәтижесінде Батуранының жоғалуына және өлтірілуіне қатысты ерлі-зайыпты екі адам ілінді. Күдіктілер жоғалған әйелдің денесін қайда көмгенін көрсетті. Кісі өлтіруге байланысты мұндай істерде қажетті сараптама тағайындалп, арқылы алдын ала тергеу басталды. Тергеуді Іле ауданы полициясының тергеушілері жүргізіп жатыр", - деп хабарлайды Алматы облысы ДП баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаментінде күдікті ерлі-зайыптының Алматыда жалға алған көлікпен такси қызметін атқарғанын айтты. 27 мамыр күні марқұм әйел оларға жолаушы болып мінген.  

Батура Мамедова екі баланың анасы. Жақындары жоғалған күні оның өзімен бірге 100 мыңға жуық ақшасы болғанын айтады. Одан бөлек алтындары мен қымбат телефоны болған. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр