Таиландта қазақстандықтар мінген катер мен балықшылар кемесі соқтығысып, 1 адам қаза тапты (видео)
Фото: Видеодан скрин
Таиландта Пхукет аралының жағалауында қазақстандықтар мінген катер балықшы кемесімен соқтығысып, бір жолаушы қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 11 қаңтар күні сағат 6:55-те (Астана уақытымен) Пхукет жағалауында болған. Катердің суға батуына балық аулайтын кемемен соқтығысуы себеп болған. Салдарынан 2008 жылы туған ресейлік азамат қаза тауып, ондаған турист жарақат алған. Зардап шеккендер медициналық мекемелерге жеткізілді, олардың жағдайы нақтыланып жатыр.
Алакөлде 63 жастағы әйелді қағып өлтірген катер жүргізушісі ұсталды
Таиландта қазақстандық туристер мінген катер жағалауда жарылып кетті
Korawich Marine 888 катерінің бортында 55 адам болған. Олар 52 турист пен 3 экипаж мүшесі. Жолаушылар арасында Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және өзге елдердің азаматтары бар.
Қатты соққыдан кейін катердің корпусы зақымданып, суға батып кеткен. Оқиғаға қатысты тергеуді Пхукет пен Краби полициясы жүргізіп жатыр екен.
Катерді басқарған компания арзан турпакеттер ұсынатын оператор ретінде белгілі. Бұған дейін де осы компанияның катерлері апатқа ұшыраған. Бұл қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздік деңгейіне қатысты сауалдар туындатып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда екі катер соқтығысып, екі адам жарақат алғаны туралы жазған едік.
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті