Таиландта ішімдікке тойып алып, тәртіп бұзған қазақстандық турист ұсталды
Таиландта ішімдікке мастанып, артынша есірткі шеккен қазақстандық азаматты ұстады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Thairath Online/видеодан кадр
Қазақстандық туристтің ұсталғаны туралы Thairath хабарлады. Ақпаратта азаматтың теңіз жағалауында тәртіп бұзғаны айтылады. Ол жағалаудағы адамдарға тиісіп, қонақүй ауласына, мейрамханаларға кіріп алып, қолына түскен затты қиратқан.
Бүлік шығарған ер адам жайлы хабарлама полицияға 9 сәуір күні кешкі мезгілде түскен екен. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары туристі ұстауға тырысқанда ол теңізге қарай қашып, су ортасындағы кішігірім тасқа отырып алған.
Ақырында полицейлер оны зорға көндіріп, бөлімшеге алып кетеді. Белгілі болғандай, азамат ащы судан ұрттап, артынша есірткі шеккен. Есін жиған соң ер адам барлық келтірілген залалды толықтай өтеуге уәде берген.
Талқылау