6 адам зорлап, салдарынан жүкті болып қалған 13 жасар қыз көпқабатты пәтерден секіріп кетті
6 ер адам зорлап, соның салдарынан жүкті болып қалған 13 жасар жеткіншек қыз өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сурет: dailymail.co.uk сайтынан
Пинки есімді Таиландтың 13 жасар тұрғыны бірнеше адам тарапынан зорлық әрекетіне ұшыраған. Артынша жүкті болып қалған ол көпқабатты үйлердің бірінен секіріп, көз жұмды.
Ол өзіне қол салар алдында құрбысына «Мен кеткелі жатырмын, мен сені жақсы көремін» деп хат жазып, өзінің үй шатырынан салбырап тұрған аяғын суретке тартып жіберген көрінеді.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қыз Facebook желісінде бірнеше рет «кеткелі жатқандығын» айтып, жазба қалдырған.
Анасының сөзінше, 11 қараша күні 6 адамнан құралған топ оның қызын қамауда ұстап, зорлапты. Бұл жағдай қызына ауыр тигендіктен ол көптен бері психологиялық күйзелістен шыға алмаған.
Тағы оқыңыз
"Тірі жүргенше, өлгені артық": Әкесі гей екенін айтқан 14 жастағы ұлын атып өлтірді
Жергілікті полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, оқиғаға қатысы бар деген екі азамат ұсталған. Айтуларынша, сол күні жәбір көрген екінші қыз болыпты. Тәртіп сақшылары екінші қызды құтқарып алғандығын жеткізді.