Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таиланд жағажайларында темекі шеккен қазақстандықтар 3 мың доллар айыппұл төлейді

Таиландтың танымал жағажайларында темекі шегуге тыйым салынады. Құқық бұзушыларға айыппұл салынып, тіпті түрмеге жабылады. Бұл туралы қазақстандық туристік агенттіктің директоры Бахтиер Ысқақов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазған, деп хабарлайды Stan.kz.

«Темекі шеккіш туристерге ескерту! 01.02.2018 жылдан бастап Таиланд жағажайларының көпшілігі темекі шегуге тыйым салып жатыр. Шылым шегіп ұсталған жағдайда 3000 долларға жуық айыппұл салынады немесе түрмеге қамалады.  Қатаң жағдайда айыппұлмен қатар түрмеге қамалады», – деп жазды Бахтиер Ысқақов.

Ол сондай-ақ, электронды темекі шегуге де тыйым салынғанын айта кетті.

«Бұл елге шылым алып келіп және оны пайдалану заң бойынша жазаланады. Бұл қылмыс үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады», – дейді туристік агенттік директоры.

Айта кетейік, жағажайларда темекі шегуге тыйым салу туралы шешім тексеруден кейін қабылданған болатын. Туристер жүретін танымал жағажайлардағы құм темекі қалдықтарына толып, ластанып кеткен. Bangkok Post-тың хабарлауынша, заң 2017 жылдың 1 қарашасында қабылданған. Бірақ, табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі 90 күннің ішінде күшіне енетінін мәлімдеді. Заң патшалықтың 15 облысындағы 24 жағажайдың бәріне қатысты. Олар айыппұл мөлшері шамамен бір миллион теңгеге дейін көтеруді көздеп отыр.

Жіберіп алмаңыз:

 

Талқылау