Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы да оқушы өлімі: Шымкентте 8-сынып оқушы асылып қалды

Шымкентте тағы бір оқушы өлімі тіркелді. Бұл соңғы күндерде болған екінші оқушы өлімі.

8-сынып оқушысы малға шөп салу үшін қораға кетіп, қайта оралмаған. Анасы үйіне қайтпаған баласының соңынан алаңдап, қораға іздеп барады. Қорадан баланысынң асылып тұрғанын көреді.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкенттегі №113 мектептің 8 сынып оқушысы А.З. бірден ауруханаға жеткізілгенімен аман қалған жоқ. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Шымкентте 10 ақпанда 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Бала өз үйінің артқы ауласында асылып өлген. Туыстарының айтуынша, бала мектепте қатарластарымен болған қақтығыстың салдарынан осындай әрекетке барды деп отыр. Қайтыс болған Ерсұлтан Ахметов сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста болмаған.

Тағы да оқыңыз:

Оңтүстік Қазақстанда дүниеге келген 3 миллионыншы тұрғынға пәтер сыйға беріледі

Ер адам дәретхана құбырына түсіп кетіп 3 күн бойы шыға алмаған (видео)

Қарағанды облысында СПИД таратуы мүмкін инелерді кімнің төккені тексеріліп жатыр

Қазақстандық оқушы Шешенстан президентінің балаларын жекпе жекке шақырды

Талқылау