Тағы бір кәсіпкер ауылдастарына 1,6 млн теңгеге ЭКСПО билетін алып берді
Қайырымдылық – қайырлы іс. Аягөз тарихы терең аңыздар мен абыздар мекені ғана емес, халық мүддесі, елдің қажеттілігіне елеңдеп тұратын атымтай азаматтарымен де танымал өлке.
Солардың бірі осыған дейін де көптеген тұрмысы төмен отбасыға қолдаушы, ауқымды іс-шараларға демеуші болып келген «Арғанат» ЖШС директоры, белгілі кәсіпкер Мұстафин Амангелді Шакенұлы ел тарихындағы ең үлкен оқиға ЭКСПО көрмесіне барамын деген жерлестеріне 1 600 000 теңгеге билет алып берді, деп хабарлайды BAQ.kz.
Аталған қаржыға алынған 418 билет зейнеткерлерге таратылып берілді.
“Жанашыр жақындарыммен жерлестеріме, көмек күткен халыққа мүмкіндігінше қолдау білдіру азаматтық парызым деп ойлаймын. Қолыңда барда қайырлы іс жасау үлкен сауапқа бастайды. Бергендерімді бердім деп айтпай-ақ қояйын. Шын ықыласпен ұсынған жәрдемдерімді жариялағым келмейді. Бүгінге дейін де түрлі деңгейде мұқтаж жандарға қаржылай, азық-түлікпен, киім-кешекпен көмектесіппін” – дейді Амангелді Шакенұлы.
Сонымен қоса кәсіпкер азамат ауылдастарына не үшін ЭКСПО билетін алып бергенін айтты.
“Осы жолы ел тарихындағы ең үлкен оқиға ЭКСПО көрмесін көру түрлі мәдени, спорттық, шараларға қатысу, мұражайларды аралау, Астанаға арнайы баруды армандамайтындар аз шығар. Мұндай маңызды оқиға өз елімізде өтіп жатқанда оған қатысып, көрудің өзі ғанибет. Бұл халықымыздың рухын көтеріп, отансүйгіштік сезімін еселейді деп ойлаймын. Мен осы бастамаммен жерлестерім жүзден астам мемлекеттен құрметті қонақтар келетін ауқымды шараға қатысып, айтарлықтай әсер алып қайтқанын қалаймын”, – дейді кәсіпкер.
Осы орайда біраз уақыт бұрын Оңтүстік Қазақстан облысының депутаты 2000 000 теңгеге ЭКСПО-ға билет алып таратқаны туралы жазылған едік. Қырық мыңға жуық қана халқы бар шағын қаладан шығып 1600 000 теңгеге жерлестеріне базарлық жасаған Амангелді Шакенұлының бастамасы көпке үлгі, зор өнеге деп білеміз.
Тағы да оқыңыз:
Астанада 15-қабаттан құлаған қыздың оқиға алдында жазған хаты табылды
Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Жоламанов елбасыға хат жазып жатыр
Рахымжанмен бірге Рейхстагқа ту тіккен Гриша әділетсіздікке шыдамай асылып өлген
Ақтөбеде борышын өтегісі келмеген жауынгер әскери бөлімнен қашып кетті