Тағы да жеңіліс: ”Барыс” ҚХЛ-да алтыншы рет жеңілді
Фото: Barys_official
“Барыс” хоккей клубы қатарынан жетінші мәрте жеңілді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Астаналық “Барыс” хоккей клубы Новосибирскінің “Сібір” командасына қарсы матч өткізді.
Алғашқы кезеңде “Барыс” сапынан Саят Данияр мен Тайс Томпсон мергендік танытып, “Барысты” 2:0 есебімен алға шығарды. Алайда екінші таймда ресейліктер ойын тізгінін қолға алып, алты минут ішінде “Барыстың” қақпасынан үш рет саңылау тапты. Үшінші кезеңде екі командада бір-бір шайба алмасып, негізгі уақыт 3:3 есебімен тең аяқталды. Ойын овертайм мен буллитке ұласты. Шешуші сәтте “Сібір” командасы дәлдік танытып, ойын тағдырын өз пайдаларына жазды.
Осылайша “Барыс” хоккей клубы қатарынан 6 мәрте жеңіліп отыр.
“Барыс” енді 17 қазанда өз алаңында Омбының “Авангард” клубын қабылдайды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

