Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәттіге қатысты 7 миф: Балаға кәмпит пен бисквиттерді қалай мөлшерлеп беруге болады?

Тәттіге қатысты 7-миф

Көп ата-ана “Мектептен соң балаға тәтті печенье беруге бола ма?”,  “Қант көп емес пе?”, “Тәбеті бұзылып, кешкі асын ішпей қоймай ма?”, “Тәттінің құрамының бәрі химия емес пе?” деп ойлап, уайымға салынады. Дегенмен бұл уайымның көбі асыра айтылған. Бүгінгі материалда Stan.kz ақпарат агенттігі “Барни” бисквитін мысала ала отырып, тәттілерге қатысты мифтерді талдап берді. 

1-МИФ: Тәттінің кесіренен бала гипербелсенді болып кетеді

Балаңыздың сыныптасы туған күнін тойлады: торт, байқаулар, музыка. Әдетте тып-тыныш жүретін балаңыз шыр айналып, мәз-мейрам болып, тіпті айғайлап, үйді басына көтеріп жатыр. Сол сәтте балаңыздың торт жегені есіңізге түсіп, “Бәрі осы тәттінің, қанттың кесірі” деуіңіз мүмкін. 

Бірақ, шын мәнінде, тәтті балаларды гипербелсенді ететінін растайтын нақты ғылыми дәлелдер жоқ. Әдетте балалар тәттінің кесірінен емес, басқа себептен белсенді болады. Мысалы, мерекеде көңіл-күйі көтеріледі, достарымен ойнайды, жаңа әрі қызық атмосферада болады. 

Балаға негізгі тамақ пен кешкі ас арасында "Барни" сияқты жеңіл тіскебасар бергенде тұрған ештеңе жоқ. Одан бала шамадан тыс белсенді болып кетпейді. Бірақ мұндай тәттілер баланың миы жақсы істеуі үшін қажет энергияны — глюкозаны береді. Оның арқасында бала күні бойы көңілді әрі сергек боп жүреді. Тіпті, кәдімгі тыныш уақытта балаңызға тәтті беріп, сырттай бақылап көріңізші. Сол кезде оның тәртібі мен мінез-құлқынын өзгермейтінін байқайтын шығарсыз. 

2-МИФ: Тәттінің бәріне химия заттары қосылған

Дүкенде тәттілер тізіліп жатқан сөренің алдында тұрсыз делік. Түрлі-түсті әрі әдемі қапқа оралған тәттілер көздің жауын алады, бірақ оның арт жағын қарап қалсаңыз, құрамына түрлі зат қосылғанын байқайсыз: Е-қоспалар, тұрақтандырғыштар, эмульгаторлар. Тура бір мектептегі химия пәнінің оқулығы сияқты. “Мынаның бәрі химия ғой” деп шошисыз.

Дегенмен барлық тәттінің құрамы бірдей емес. Кейбір өндіруші тәттілерді қарапайым әрі түсінікті өнімдерден жасайды. Мысалы, "Барни" бисквиттерінің құрамына сіз үйде кекс пісіргенде қолданатын азықтар ғана қосылған: ұн, жұмыртқа, қант, сүт және какао. Жасанды бояғыштар мен консерванттар мүлдем қосылмаған. Сондықтан балаңыздың қолына тіскебасар ретінде еш уайымдамай, бере беріңіз.

Тәттіге қатысты 7-миф

3-МИФ: Тәттіге толық тыйым салу керек

Көп ата-ана баласын тәттіден мүлдем тыйып тастаса, ол оны ұмытып қалады деп ойлайды. Бірақ ата-ана тәтті жеуге неғұрлым тыйым салса, соғұрлым бала оны қалап тұрады. Тіпті, тәтті оған арманындағы затқа айналып, қолына тисе, қомағайланып, бәрін бірден жеп қоюы мүмкін. Өйткені балада "енді қашан тағы жей аламын?" деген ой тұрады.

Сол себепті балаңызға тыйым салғаннан гөрі, рұқсат сұрап жеуді үйреткен абзал. Мәселен, бала түскі астан кейін бір "Барни" жей алатынын білсе, тәтті оған "жасырын қазына" емес, жай ғана тағам болып көрінеді. Осылай, ол тәттіден бас алмай кетпейді, қайта оны мөлшермен жеуге үйренеді.
Сонда бала тәттіні шектен тыс емес, өзіне керек мөлшерде жеуді әдетке айналдырады. 

4-МИФ: Тәттінің бәрі денсаулыққа зиян

Көп ата-ана тәттінің салдарынан баланың тісі құрттайды немесе артық салмақ жинайды деп уайымдайды. 

Бірақ бала тәттіні бір-екі рет жегенде емес, негізгі астың, яғни сорпаның, ботқаның, жеміс пен көкөністің орнына үнемі тәтті жей берсе ғана зиян. 

Мұнда ең бастысы - мөлшер мен тепе-теңдікті сақтау. Мысалы, бір “Барнидің” салмағы - небәрі 30 грамм. Мұндай мөлшердегі тәтті балаға тіскебасар болады. Бала күндіз жақсылап тамақтанып, кейін бір тіскебасар жесе және кешке тісін жуып жатса, онда ешқандай зияны жоқ. Керісінше, тәттідегі глюкоза балаға сабақ оқуға, ойнауға күш береді. 

Тәттіге қатысты 7-миф

5-МИФ: Үйде пісірілген тәтті дүкендегіге қарағанда әлдеқайда пайдалы

Үйде өзіңіз пісірген тәттінің жөні бөлек: жылы, дәмді етіп әрі баппен пісіресіз. Бірақ үнемі қамыр илеп, оны пеште пісіріп әуреленгіңіз келмеуі мүмкін, кейбірі мүлдем пісіргенді ұнатпауы немесе пісіре алмауы мүмкін. 

Мұндай кезде дайын тәттілер көмекке келеді. Оның үстіне, дүкендегі өнімдердің құрамы, мөлшері нақты есептеліп, тұрақты бір әдіс бойынша дайындалады,  Мысалы, "Барни" бисквиттері балалар тағамына қойылатын талаптарға сай жасалады және үнемі тексерістен өтеді.

Әрине, үйде өз қолыңмен пісіргенге не жетсін?! Бірақ кейде уақыт тығыз болса, дайын әрі сенімді нұсқалар құтқарады. Таңертең баланы мектепке асығыс киіндіріп жатқанда, сөреден бір "Барниді" ала салып, жанына алма қоссаңыз, дәмді әрі оңай тіскебасар дайын!

6-МИФ: Тәттіні аз жесе де, көп жесе де - зиян

Қазіргі уақытта қантты жан-жақтан "жаман" етіп көрсетіп жатыр: әлеуметтік желілер мен блогтарда оның зияны туралы жиі жазылады. Тіпті, кейбірі оны мәзірден мүлде алып тастауды ұсынады.

Алайда мәселе тәттінің өзінде емес, оның мөлшерінде. Бала күні бойы жаңа сөз үйренеді, есеп шығарады, дене шынықтыруда жүгіріп ойнайды, тіпті, он рет "неге аспан көк?" деп сұрап үлгереді. Осындай белсенді ағзаға энергия қажет, ал оны глюкоза тез-ақ толтырып береді.

Сондықтан барлық тәтті бірдей зиян емес. Ең бастысы -  құрамындағы қант мөлшерін бақылау. Мысалы, бір "Барни" бисквитінде 10 граммға да жетпейтін қант бар. Бұл шамамен бір шай қасық сияқты. Мұндай мөлшерде қант қосылған тәтті балаға зиянын тигізбейді және дұрыс тамақтану қағидаларына қайшы емес.

7-МИФ: Тәтті тәбетті бұзады

Әжеміздің “Тамақ алдында тәтті жеме, тәбетіңдің бұзады” деп ұрсатын кезі есіңізде ме? Шынымен-ақ, кейде бала тамақ ішпей тұрып, екі кәмпит жеп алса, кейін “тамақ ішкім келмей тұр” деп еркелеп, тәрелкедегі тамақты түрткілеп отырады.

Бірақ іс жүзінде бұл үнемі тәттінің кесірі емес. Баланың тәбеті көбіне оның күн тәртібі мен қаншалық белсенді екеніне байланысты. Балаға тәттіні негізгі астан кейін немесе екі тамақтың арасында аз мөлшерде берсе — ол тәбетін бұзбайды. Керісінше, күш-қуат береді.

Мысалы, мектептен келген соң бір "Барни" мен бір стақан сүт ішкен балада үй тапсырмасын орындауға күш болады, ал кешкі ас ішетін уақытқа таман қайта қарны ашады. 

Ең бастысы — мөлшерді білу. Кез келген жастағы бала үшін осы ереже маңызды. Мектепке немесе серуендеуге баратын кезде баланың сөмкесіне "Барни" сияқты оралып тұратын бисквиттерді салып жіберген тиімді: оңай әрі қанша мөлшерде тәтті жегенін білуге болады. Осылай, ата-ана еш уайымға салынбайды, ал бала шамадан тыс тәттіні жеп қоймайды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 12 Тамыз, 2025 09:30
Талқылау
`