"Тағы да күтеміз": Чилидегі ең танымал телебағдарлама бір сағатын Димаш Құдайбергенге арнады
Танымал Чили журналисі Хулио Сезар Родригес бағдарламаны тағы да Димаш Құдайбергенге арнады. Ол танымал Chilevisión телеарнасында көрсетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Dimash.news порталына сілтеме жасап хабарлайды.
"Viva la morning" телевизиялық бағдарламасы ("Қайырлы таң болсын!") Чилидегі ең көп қаралатын бағдарлама.
Телебағдарламаның жүргізушісі Хулио Сезар Родригес бір сағаттан астам уақыт бойы Димаш пен оның шығармашылық жолы туралы әңгімелеп, қазақстандық әртістің танымал қойылымдарын көрсетіп, оның вокалдық қабілетін де атап өтті.
Алғаш рет Чилидегі ең беделді медиатұлға Хулио Сезар Димаш туралы өзінің "Podría ser on Radio Bío Bío" ("Бұл Bío Bío радиосында естілуі керек") радиобағдарламасында таныстырған еді.
Димаштың Dears Dimash Chile Difusion Team фан-клубына сұхбат берген журналист қазақстандық әртістің Чилиде жанкүйерлері көп екенін және мұнда келіп, концерт бергенін қалайтынын атап өтті.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”