Талдықорғандағы ескісін Үштөбеге апарып қоя салған: Әкімдіктегілердің бес миллионға жаңа шырша сатып алғаны рас па
Әлеуметтік желіде Алматы облысының тұрғындары осыдан екі жыл бұрын Талдықорған қаласына қойылған жаңа жылдық шыршаның Үштөбе қаласына қойылғанын жарыса жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жазбада Талдықорғанның шыршасын қойып, есепке жаңа шыршаға 4 млн 800 мың ақша бөлінді деген әкімдік қаражатты қалтасына басқаны жазылған.
"Үштөбеде Талдықорғанға біраз жыл бұрын қойылған шырша тұрғанын байқамадыңыздар ма? 4 893 259 теңге", - дейді жазба авторы.
Бір-бірінен аумайтын екі шыршаны көрген желідегілер таңқалды. Олар мемлекеттен алдап ақша алып, ескі шыршаны қоя салды деп күмән білдірді.
Оқиғаға қатысты Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Олар Үштөбеге шырша бермегендерін, сатпағандарын айтады.
"Үштөбеде тұрған шыршаның Талдықорғанға ешқандай қатысы жоқ. Ондай шырша бізде болған жоқ. Қазір бізде қала бойынша үш шырша тұр. Орталық алаңда, жастар саябағында және Қаратал өзенінің жағалауында. Біз ешкімге шырша берген жоқпыз, сатқан жоқпыз. Үштөбедегі шыршаның бізге қатысы жоқ", - дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
