Тағы бір миллионер: Павлодарлық азамат "Сәтті Жұлдыз" лотереясынан 4 млн теңгеден астам ақша ұтып алды
Павлодарлық азамат “Сәтті Жұлдыз” лотереясынан 4 миллион теңгеден астам ұтысқа ие болды. Жеңімпаз бұл қаражатты қайда жұмсайтынын айтып берді.
“Лотерея – бұрыннан келе жатқан қызығушылығым” деген ер азамат күндердің бір күнінде міндетті түрде ойыннан қомақты қаражат ұтатынына сенімді болғанын айтады. Осылайша оның 13 ақпанда бағы жанып, Telebingo лотереясынан 4 399 000 теңгелік ұтысқа кенеліпті.
“Алғашында тек лездік лотереяға қатысатынмын. Кейіннен тираждық лотереяға қатысуды ұйғардым. Ұлттық лотереяға сенімім мол болғандықтан, әр ойнаған сайын бір емес, екі билет алуға тырысатынмын. Енді, міне, сенімім ақталып, жеңімпаз атанып отырмын”, – дейді атын жарияламауды өтінген Павлодар тұрғыны.
Қуанышын жасыра алмаған ол бұл ақшаны бірден жаратудың орнына депозитке салу туралы шешімге келген.
“Отбасымдағылар бұл қаражатқа көлік алайық деп құлақ етімді жеп қойды. Алайда мен бұл ұтысты ақылмен жұмсауды жөн көріп, ертеңгі күнге қалдырамын деп шештім. Себебі көлік бүгін бар, ертең жоқ, ал ақша әркез қажет болады”, – дейді жеңімпаз.
Айта кетсек, қазіргі күні TeleBingo лотереясы бойынша бас жүлде 230 млн 900 мың теңгеден асып отыр. Ал 6 наурызда осы лотерея бойынша пәтер ұтысы өтеді. Оған қатысу үшін бір мезетте лотереяның бес билетін сатып алу қажет.
Бұған қоса, “Сәтті Жұлдыз” 15 ақпан мен 15 сәуір аралығында “Наурыз GO” науқанын бастап отыр. Науқанның шарттарына сәйкес 5000 теңгеге кез келген тираждық лотереяның билеттерін сатып алған қатысушы 500 000 теңге ұтысына қатысады. Шара соңында 16 сәуірде 20 жеңімпаз анықталады. Бір айта кетерлігі, онлайн алынған алынған билеттер де автоматты түрде науқанға қатысады. Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз!

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
