Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағдырын өзгерткен кездесу: Қайыршы бала өлім аузындағы науқас әйелді қалай құтқарды (фото)

Өмірде небір қызықты жайттар болып жатады. Бір кездесудің өзі бір адамның тағдырын өзгертуі мүмкін. Осы ретте үй-күйсіз жүрген Джон Туо есімді бала науқас әйелді дертінен қалай айықтырғанын айта кетейік.

Gladys-Kamande-1

Джон көлік жүргізушілерінен тиын-тебен сұрап күнелтеді. Өзі көшеде қонып жүреді. Бірде көліктегілерден қайыр сұрап жүріп, көлік ішінен аппаратпен тыныс алып отырған Глэдис Каманде есімді әйелді көреді.

Gladys-Kamande-2

Бала мұның не екенін сұрағанда әйел өзінің дерті жайлы айтып берген. Өздігінен дем ала алмайтынын, сондықтан ауа толы баллонға таңылғанын айтады.

Gladys-Kamande-3

Глэдис Каманденің тағдыры мұңды. Ол тұрмысқа шығып, бала көтергенімен түсік тастап баласынан айырылады. Осылайша 5 рет баласы түсіп қалады. Денсаулығы нашарлай бастағанда күйеуі тастап кете барған.

Gladys-Kamande-4 (1)

Қазір небәрі 32 жастағы әйел 12 ота жасатқан. Отаның бірінде дәрігерлер көру жүйесіне зақым келтіріп, содан көзі көрмей қалады. Онымен бірге денесінің бір бөлігі сал болып қалған. Сондықтан денесінің түсі екі түрлі.

Gladys-Kamande-5

Джон әйелдің қиын тағдырын естігенде көз жасына ерік береді. Өзінен де қиын жағдайда өмір сүріп жатқан адамдар барын түсінеді. Науқас әйел балаға басу айтып, құдайдан көмек сұрауын өтінеді. Олардың әңгімелесіп тұрған сәтін куәгерлер суретке түсіріп алады.

Жаяу жүргіншілер екеуінің әңгімесін жақын барып тыңдайды. Кейіннен осы сурет ғаламторда кең таралып, көпшілік тарапынан қаражат жиналады. Соның арқасында Глэдиске қажетті 7 млн қаражат жиналды. Бұл ақшаға науқас әйел емделе алады.

Глэдис өзін құтқарған Джонға алғысын айтып, жұрттан оны асырап алуын өтінді. Қазір Джон жағдайы жақсы жерде тұрады.

Тағы да оқыңыз:

20 жасында Apple компаниясына шақырту алған қазақ жігітінің қайғылы тағдыры

Әлемдегі ең жас ана: 5 жасында сәбиін өмірге әкелген қыздың тағдыры (фото)

Қатерлі ісікті жеңе білген үш сәбидің тағдыры (фото)

Талқылау