Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағдыр қоспаса да, халық қосқан жұлдызды ғашықтар

Бұл актерлер түсірілім кезінде шынайы ғашықтардың рөлін сомдайды. Алайда режиссер “Стоп, түсірілді” деп айта салысымен, әрқайсысы шынайы өмірдегі сүйіктілеріне оралады. Тағдыр емес, көгілдір экраннан көріп халық қосқан жұлдызды жұптарды ұсынамыз. Мұндай тізімді comode.kz жасаған екен.

image

Мөлдір Әуелбекова мен Мейрамбек Бесбаев

“Ғашық жүрек”

Аталған фильм Баян ханымның арқасында ғана емес, көптеген жұлдыздардың қатысуымен танылған-ды. Фильмде Мөлдір Әуелбекова мен Мейрамбек Беспаевтан бөлек, Әсел Сәдуақасова, Нұртас Адамбаев, Айгүл Иманбаева, Рано Омарова сынды жарық жұлдыздар ойнайды. Сюжетіне келсек, балалар үйінде тәрбиеленген қыз жарық жұлдыз Мейрамбек Бесбаевқа ғашық болады. Оны бір көріп, сахнада бірге ән айтуды армандайды. Қуанышына орай, еліне әйгілі продюсерді жолықтырып, үлкен сахнаға қадам басады. Баян Есентаева осы фильмге байланысты көп сын естиді. Алайда мұның барлығы продюсерге фильмнің жалғасын түсіруге еш кедергі жасамайды.

1432183645zezqs

Әнуар Нүрпейісов пен Қарлығаш Мұхамеджанова

“Алқызыл қоян туралы ертегі”

Аталған фильм қазақ киносына жаңа леп әкелді. Ауыл драмасынан кейін “Қазақша тонау”, “Рэкетир” сынды үздік туындылар көрерменге жол тартты. “Алқызыл қоян туралы ертегі” фильмінде Нүрпейісов алғаш рет кино әлеміне жарқ етіп шықты. Бұлай деуіміздің жаны бар. Өйткені осы рөлінен кейін актерді көптеген режиссер бірге жұмыс істеуге шақырған болатын. Сюжетіне келер болсақ, Алматы ЖОО-ларының бірінде 3 курс оқып жүрген азамат бұл қалаға табысқа жетем деп келген-ді. Осы қаланың көрікті жерлерін түсіру арқылы халықтың ықыласына да бөленді. Ал Қарлығаш Мұхамеджанова ауыл баласына ғашық болған бай әкенің ерке қызын сомдайды.

1432183928yjtsz

Жандос Айбасов пен Динара Бақтыбаева

“Қыз бен жігіт”

Шынайы өмірде сезімталдығымен, нәзіктігімен көзге түсетін актриса, аталған фильмде сотқар қыздың рөлін сомдайды. Өзіміз білетін Қожадан асып түспесе, кем емес. Фильм желісіне сәйкес, актер Жандос Айбасов қызды осы қасиеті үшін сүйіп қалады. Бірнеше рет кездесуге келген соң қыз із-түссіз жоғалып кетеді. Кейіпкерлер өздерін тағдыр тоғыстыратынына сеніп, көгілдір экран алдында отырған халықты уайымдатады. Картина толық аяқталмағандықтан, көп адам жалғасы болады деп күтіп жүр.

1432184102b43wj

Сәбина Келін мен Жәнібек

“Сәбина келін”

Нұртас Адамбай қорықпастан әйел адамның образына еніп, Жүгері ауылында тұратын Сәбина келіннің рөлін сомдаған алғашқы актер. Басты кейіпкер өзінің басынан кешкендерін айтып отырып, Джумейра Бич сынды жағажайда демалып, қымбат көлік мінуді өмірдің мәні деп түсінетін қатарластарына күле қарайды. Фильмде берілген әзіл-қалжыңды көрермендер жылы қабылдады. 17 наурыз күні аталған фильмнің екінші бөлігі көрерменге жол тартады.

218715_original

Әсел Сағатова мен Саят Исембаев

“Рэкетир”

Ақан Сатаевтың көркем фильмі 2007 жылы түсіріледі. Фильм жұдырықты өмірдегі басты қаруы санайтын Саят есімді боксшы жігіттің өмірін баяндайды. Жігіт жас кезінде жіберген қателіктері үшін көп жылдан соң жауап береді. Ал актриса Әсел Сағатова оның ғашығын сомдайды. “Рэкетир” фильмі – Ресей актерлерінің қатысуымен өткен алғашқы жобалардың бірі. Бұл фильмде жұртқа “Бумер” фильмі арқылы танылған Владимир Вдовиченков ойнаған болатын.

868217fef6f180363552bf4ee26536a1_XL

Аружан Жазылбекова мен Дәурен Айдарқұлов

“Свадьба на троих”

Отбасылы жұп Асқар Бисембин мен Баян Ерімбеттің алғашқы жобасы 2015 жылы шыққан болатын. Дәурен Айдарқұлов, Аружан Жазылбекова, Нұртас Адамбаев үшеуі бірігіп ғашықтардың рөлін ойнап шығады. Нұртас алаяқтың рөлін керемет сомдаған-ды. Аружанды сүйіктісі алдап кетеді. Артынша сүйіктісінің жан досы өзіне ғашық болып, екеуінің таныстығы махаббатқа ұласады.

Талқылау