"Тағдырыма махаббат араласты": Алматы облысынан шыққан қазақ әйел АҚШ-та халықаралық компанияға қалай жұмысқа кіргенін айтты
Зарина Манапова – Қазақстандағы Шелек ауылының тумасы. Еліміздегі ірі банктердің бірінде жоғары лауазымда жұмыс істегеніне қарамастан, ол Американы “бағындыруға” шешім қабылдайды. Жұбайын жолықтырған соң, отбасы АҚШ-қа аттанып, жаңа өмір бастайды. Бүгінде Зарина Халықаралық әуежайлар кеңесіне (Airports Council International) басшылық қызмет атқарады. Ол өзінің берген сұхбатында үлкен компаниядағы тәжірибесімен бөлісіп, кеңестерін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі limon Media порталына сілтеме жасап.
Зарина Манапова
“Мен Алматы облысының Шелек ауылында дүниеге келдім. Сол кезде қалалық типтегі ауыл тұрғындарының саны 35 мың адамнан асатын. Бұл өз өндірісі істеп тұрған, даму мүмкіндігі бар ауыл еді. Бізде тігін және темекі фабрикалары, нан және сыра зауыттары болды, бірақ қайта құру кезінде, бүкіл ел бойынша, бәрі бір сәтте құлады. Ол уақытта мен 4 жаста едім.
Халық әрі қарай не істерін білмей, абдырап қалды. Адамдарға менталды тұрғыдан қайта қалыпқа келу керек, отбасыларын асырау жолдарын іздеу керек болды. Ата-анамның бір түнде жұмысынан айрылғаны есімде, бірақ отбасы үшін жауапкершілік болғандықтан әкем мандарин сатып күн көре бастады”, – деп есіне алады Зарина балалық шағын.
Айтуынша, отбасында ештеңеге мұқтаж болып өспеген. Мектеп табалдырығы мен оқу орнын қызыл аттестатпен тәмамдаған. Сүйіп таңдаған ісі – қаржы саласы.
“Әкем – гидромелиоратор және КСРО ыдырағанға дейін ірі қазақстандық су қоймасын жобалап, жасаған. Мен оның есептеулер жүргізіп, жоспар құрып жатқанына қарап отыратынмын. Сандарға деген қызығушылық маған да берілген екен. Бастауыш сыныпта бағдарлама бойынша енді қосуды өтіп жатқанда, мен екі таңбалы, үш таңбалы цифрларды бөліп, көбейте алатынмын.
Мамандығым сандармен байланысты болатынын білдім. Бұл жанымның қалауы еді. Сол кездегі ең мықты университеттердің бірі – Нархоз университетінің "қаржы және есеп" кафедрасына түсіп, білім алдым”, – дейді ол.
Студенттік өмірім де жарқын сәттерге толы болды дейді Зарина.
“Университет қабырғасында жүргенде Work and Travel бағдарламасымен Америкаға жұмыс істеп келуге барып келдім. Қара шаңырағыма сапалы білім алғаным үшін алғыс білдіремін және осы білімді бүгінгі күні де пайдаланып келемін”, – дейді ол.
Айтуынша, Halyk Bank-тегі жұмысы ең төменгі қызметтерден басталған. Алты айдың ішінде есеп және аудит бөліміне ауысып, онда үш жыл жұмыс істеп шыққан. Осы уақыт ішінде есеп және аудит басқармасының басшысы лауазымына дейін көтерілген.
“Тағдырыма махаббат араласты. Жұбайым АҚШ-та МВА деңгейін бітірген, сонда жақсы жұмысқа тұрған екен. Ол Қазақстанға туыстарына келген кезде екеуміз таныстық. Арада біраз уақыт өткен соң біз үйленіп, Америкаға көшіп кеттік. Екеумізде бес жылдық жоспар бар еді. Америкалық білім алу, кәсіби маман ретінде өзімізді дамытып, Қазақстанға қайта оралмақ едік. Туғандарымызға жақын болу біз үшін маңызды болды. Алайда жоспарымыз орындала қоймады, себебі балаларымыз дүниеге келді. Содан соң балаларымызға жақсы білімді Америкада беру керек деп шештік”, – дейді ол.
Бүгінде Зарина – ACI компаниясында қаржылық есеп жүргізетін маман, менеджер.
Осындай жоғары лауазымға жетуіне Зарина еңбекқорлығым себеп болды дейді.
“Бухгалтерияда, қаржы саласында жұмысты жалғастырғым келді. Америкада Қазақстанға қарағанда бухгалтерлік есептің басқа стандарттары бар, сондықтан мен GAAP атты қағидаларды өз бетімше меңгердім. Қаладағы кітапханадан бухгалтерлік есеп бойынша материалдарды қарап, сондай-ақ Америкада осы мамандықта жүрген жерлестерден көмек сұрадым. Жұмыс визасын алғаннан кейін түйіндемелерімді жібере бастадым. Көп сұхбаттардан өтіп, ақырында Халықаралық әуежайлар кеңесіне (Airports Council International) жұмысқа тұрдым.
Халықаралық компанияға жұмысқа тұру кезінде есте сақтау қажет кеңестерді де отандасымыз берді.
“Сұхбатқа жақсылап дайындалу керек. Міндетті түрде компания миссиясын, мақсатын және егер қолжетімді болса, жұмыс ұсынып жатқан компанияның соңғы жобаларын сұрау қажет. Үміткерге қойылатын талаптарды мұқият қарастырып, егер белгілі бір бағдарламаны меңгеру керек болса, оған қатты алаңдаудың қажеті жоқ. Мұндайда сіз тез үйреніп кететініңізді айтып, оны мысалмен түсіндірсеңіз болады.
Алайда өтірік айтудың қажеті жоқ. Сұхбаттан кейін мен follow up хатын жазып, неге осы компанияда жұмыс істегіңіз келетінін және не үшін бұл жұмыс орнына өзіңізді жақсы үміткер ретінде көретініңіз туралы хат жазып, жіберуге кеңес беремін”, – дейді ол.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
