Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тағдырдың жазғанына шара жоқ": Ақерке Бүркітбай марқұм әкесіне жантебірентерлік жазба арнады

Әнші Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желідегі парақшасында өмірдегі өкініші жайлы айтып, марқұм әкесі туралы әсерлі жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан кадр

“Әр қуанған сәтімізде әкеміз жанымызда болғанда ғой деп отырамыз. Тағдырдың жазғанына шара жоқ, көнеміз. Қолымыздан келері тек дұға оқып, садақа беріп, Құран оқып тұру. Өмірі қысқа болса да, керемет өмір сүрді, жақын, дос-жаран куә, өмірі, жасаған істері бәрімізге үлгі. Енді анамыздың амандығын тілейміз, барымызды беріп, тек қуантқымыз келеді. Балаларының қызығын, бақытын көрсе екен дейміз. Төрт бауырым бар, Аллаға шүкір! Әрқайсысының аяққа тұрып, өмірден өз орнын тапқанын қалаймын”, – деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары Ақеркенің анасы мен бауырларын көріп, оларға тәнті болды.

“Төрт қыз төрт түрлі, бірі-біріне ұқсамайтын сұлулық”, “Сондай сұлусыздар”, “Анаңыз сүйкімді балаларды дүниеге әкеліпті”, “Аналарың рахаттарыңды көрсін”, “Ананызға ұзақ ғұмыр тілеймін,қуанышқа толы күндері көп болсын”, “Сіз анаңызға ұқсапсыз”, – деп жарыса жазды желідегілер.

 

Талқылау