Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таеквондодан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды

Қазақстан құрамасы таеквондодан Вьетнамда өтетін Азия чемпионатына толық құраммен қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰОК

Таеквондодан Вьетнамның Дананг қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды. 16-18 мамыр аралығында өтетін байрақты бәсекеге олимпиадаға жолдама алған спортшылардан басқа үздік таеквондошыларымыз бағын сынайды. Назарларыңызға Азия чемпионатында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының тізімін ұсынамыз: 

Әйелдер:

46 келі. Рита Бакишева 
49 келі. Ботагөз Қапанова
53 келі. Айдана Сүндетбай 
57 келі. Мария Севостьянова 
62 келі. Жазира Исина
67 келі. Нұрай Хұсаинова

Ерлер:

54 келі. Бекторе Оралханов 
58 келі. Тамерлан Тілеулес
63 келі. Нурбек Ғазез 
68 келі. Бексұлтан Мұсахан 
80 келі. Нұрқанат Қожахмет 
+87 келі. Бейбарыс Қаблан 

Айта кетейік, таеквондодан Қазақстан құрамасында Париж олимпиадасының екі жолдамасы бар. 58 келідегі Самирхон Абабакиров пен 80 келідегі Батырхан Төлеуғали лицензия иеленген еді. 
 

 

Даурен Түлкібай
Сейсенбі, 14 Мамыр, 2024 11:25
Талқылау