Таеквондодан әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды
Фото:ҰОК
24-30 қазан аралығында Қытайдың Уси қаласында таеквондодан әлем чемпионаты өтеді. Аталмыш байрақты бәсекеде 179 елден 900-ден астам спортшы өзара жүлделер жиынтығын сарапқа салады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Қазақстан құрамасы бұл дүбірлі додаға 16 спортшы апарады.
Ерлер:
- 54 келі: Бекзод Қадірқұлов
- 58 келі: Тамирлан Тілеулес
- 63 келі: Самирхон Абабакиров
- 68 келі: Дамир Шуленов
- 74 келі: Бекасыл Ергеш
- 80 келі: Батырхан Төлеуғали
- 87 келі: Нұрлан Мырзабаев
+87 келі: Бейбарыс Қаблан
Әйелдер:
- 46 келі: Айдана Құмартаева
- 49 келі: Нодира Ахмедова
- 53 келі: Азиза Қаражанова
- 57 келі: Мария Севостьянова
- 62 келі: Айша Әділбекқызы
- 67 келі: Нұрай Хусайнова
- 73 келі: Назым Махмұтова
+ 73 келі: Евгения Каимова
Айта кетейік, ұлттық құраманы бас бапкер Есбол Сұлтанов бастап барады. Есбол Сұлтанов 2025 жылдың басынан Таеквондодан Қазақстан құрамасына бас бапкерлік қызмет атқарып келеді. Естеріңізге салсақ, ол бірнеше жыл Тунисте жұмыс істеп, Париж Олимпиадасында шәкірті чемпион атанды. Осы жетістігінен кейін Есбол Сұлтанов "жылдың ең үздік бапкері" атағына ие болды.

"Арнайы тізім жасалуда": Президент тапсырмасынан соң Қазақстанда кімдердің жәрдемақысы қысқартылады
