Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Табыттың беті ашық тұрады»: Жас жұбайлар үйлену тойы мен жерлеу рәсімін бірге өткізбек

Facebook желісінің қолданушысы неке қию рәсімін туысының жерлеу рәсімімен қатар өткізетінін айтты. Ол ақша үнемдеу үшін екі рәсімді бірге өткізбек екен. Желі қолданушылары оның мұндай шешімі туралы біліп, қайран қалды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қалыңдықтың сөзінше, отбасы туысының қайтыс болғаны үшін неке қию рәсімінен бас тартпақ емес. 

«Кейбіріңіз қаза туралы хабарды естіген боларсыздар. Өкінішке орай, Карен әпкеміз қайтыс болды. Одан айырылып қалғанымыз үшін қатты қайғырудамыз. Алайда келесі аптада өтетін тойдан бас тартпауға уәде береміз», - деп жазды қалыңдық. 

Жас жұбайлар қайтыс болған туысының табытының маңында некелесетіндерін айтты. Олар екі түрлі рәсімге артық шығындалмау үшін осындай шешімге келіпті.

«Жерлеу рәсіміне жұмсалатын шығындар артып келеді. Неке қию рәсімі кезінде табыттың беті ашық жатады», - дейді қалыңдық. 

Сонымен қатар ол қонақтарды неке қию рәсімі кезінде қайтыс болған туысының табытына барып, қоштасудан қысылмауға шақырды.

«Үйлену тойы кезінде табыттың жанына барып, қоштасудан ұялмаңыздар», - дейді қалыңдық. 

Қыздың жазбасы желі қолданушыларын қайран қалдырды.

«Шіркеуге жұмсалатын шығынды үнемдеу үшін үйлену тойы мен жерлеу рәсімін қатар өткізбек пе? Біртүрлі екен», - деп жазды пікір қалдырушылардың бірі. 

Талқылау