"Табыттан дыбыс шықты": Ер адам өзінің жаназасында тіріліп кеткен
Ыстамбұлда 80 жастағы ер адам өзінің жаназасында тіріліп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NTV арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

80 жастағы Ыстамбұл тұрғын Халит Байшу өзінің жаназасында кенет есін жиып, табыттың қақпағын қаға бастаған.
Марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға жиналған көпшілік табыттан шыққан дыбыстарды естіп, жедел жәрдем шақырған.
Таңғажайып дүние: Жүрегі 40 минутқа тоқтап қалған ер адам аман қалды
"Мен табытқа еңкейіп, тыңдап көрдім, табытның ішінен біреудің шерткен дыбысын естідім, сосын жедел жәрдем шақырдық”, – дейді Айвансарай ауданының басшысы Галип Акчай.
Табытты ашқанда дәрігерлер қарияның жүрегі соғып тұрғанын анықтаған. Дәрігерлер ер адамның жүрегіне массаж жасап, ауруханаға жеткізген. Алайда қария аурухана төсегінде көз жұмған.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді