Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Табиғатты ластағандарға қатаң жаза қолданылады": Мәжіліс экологияны қорғауға қатысты заң жобасын мақұлдады

Парламент мәжілісінің депутаттары экологиялық кодекс жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ластаушы төлейді деген қағида ластанудың алдын алу және бақылау жүргізуді қатаңдату болып саналады. Сонымен қатар, қоршаған ортаға келтірілген зиянды қалпына келтіру үшін жауапкершілік сезінуге көмектеседі. Мемлекет табиғат пайдаланушылар экологиялық айыппұлдарды төлеудің орнына, қоршаған ортаға кері әсерін болдырмау үшін барлық шараларды қабылдау керек болатындай жағдай жасауы керек. Қоршаған ортаға зиян келтірілген жағдайда табиғи ресурстарды пайдаланушы қоршаған ортаны бастапқы қалпына келтіруге міндетті. Интеграцияланған экологиялық рұқсаттарға көшу бірінші санаттағы объектілер үшін ең жақсы қол жетімді технологияларды енгізу шартымен қарастырылған. Сондай-ақ, жаңадан пайдалануға берілген кәсіпорындар үшін міндетті түрде кешенді экологиялық рұқсат алу ұсынылады", - деді Мағзұм Мырзағалиев мәжілістің жалпы отырысында.

Министр сонымен бірге қолда бар ең жақсы технологияларды енгізу елдегі қазіргі экологиялық жағдайды өзгертетінін айтты.

"Бірінші кезеңде ластаудың 80% құрайтын мұнай-газ, тау-кен металлургия, химия және электр энергетикасы саласындағы 50 ірі кәсіпорынды қолда бар технологияларға көшіру жоспарлануда", - деді министр.

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдер мен қоршаған ортаны қорғау шараларына бюджет қаражатын мақсатты жұмсауға қатысты мыналарды ескеру қажет. Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамада қоршаған ортаны қорғау шараларына эмиссия үшін алынған төлемдерді жұмсау міндеті жоқ. Бұл келіп түскен қаражаттың шамамен 45%-ын ғана қоршаған ортаны қорғауға жергілікті атқарушы органдар бөлетініне әкелді. Заң жобасында жергілікті атқарушы органдар қоршаған ортаны қорғау шараларын 100% мөлшерінде келіп түскен экологиялық төлемдер есебінен қаржыландыруға міндетті екендігі көрсетілген.

Талқылау