Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Табалдырық көрген әйел": Абай Асылхан өзінен 8 жас үлкен екі баласы бар әйелге қалай үйленгенін айтып берді

абай асылхан Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал актер Абай Асылхан отбасылық өмірінен сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі әйелі актриса Жанель Мақажанға қатысты сұраққа жауап берді. 

“Жанель ханым менен 8 жас үлкен. Мен Жанельді басынан араласқан кезден оның бірінші отбасы болғанын, одан екі баласы бар екенін білдім. Мен ол кезде студентпін, менің ешқандай ойым болған жоқ. Кейін бір жобаны бірге бастаған кезде оған деген жылулық пайда болды", – деді актер. 



Сондай-ақ, актер өзінен үлкен келіншекті алуға ата-анасының қарсы болғанын да жасырмады. 

"Өзіңнен 8 жас үлкен, екі баласы бар, ағайынның сөзі бар, ұят болады, қалай болады деп ата-анам айтты. Сөйтіп біз көп сынақтардан өттік. Қазақстанның өзі екіге бөлініп кетті. “Табалдырық көрген қатынды қайтесің, дуалап алды, тележкасы бар қатынды қайтесің” деген сөздер көп айтылды", – дейді Абай Асылхан.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 29 Қазан, 2025 11:24
Талқылау