Түсік тастағаннан кейін қандай асқынулар болуы мүмкін
Түсік тастау – бұл өздігінен дами алмайтын ұрықтың өлуіне әкелетін жүктілікті жасанды жолмен тоқтату.
Түсікті бойға бала біткен сәттен бастап немесе жүктіліктің 22 апталығына дейін жасайды.
Жүктілікті тоқтатудың негізгі белгілері: жатырдағы баланың дұрыс дамымауы, құрсақтағы ұрықтың өлуі, ананың өміріне қауіп төну, жатырдан тыс жүктілік болып табылады.
Жүктілікті тоқтатудың әдістері:
- Жүктілікті дәрі-дәрмек қолдану арқылы тоқтату. Бұл жүктіліктің 2-8 апталығында жасалады.
- Вакуумдық аспирация арқылы тоқтату. Ол жүктіліктің екі-бес апталығында жасалуы тиіс.
- Абразия – ұрықтың хирургиялық жолмен алынуы. Мұндай ота 6-дан 12 аптаға дейін, кейбір жағдайларда 22 аптаға дейін жасалады.
- Жүктілікті кешіктіріп тоқтату. Бұны жасанды түрде мезгілсіз жасалған босану арқылы жасайды.
Түсік жасатқаннан кейінгі асқынулар және олардың белгілері
Түсік жасау рәсімі бүгінгі таңда көп кездесетін әртүрлі асқынуларға әкелуі мүмкін. Тіпті ең сәтті жасалған түсік денсаулыққа зиян тигізеді. Ерте ме, кеш пе, бірақ осы қадамға барған әйел міндетті түрде түсіктің салдарын тартады. Түсіктің асқынуы бұл тек әйелдің психологиялық мәселесі ғана емес. Олар көбінесе қайтарымсыз физиологиялық жағдайларға әкелуі мүмкін. Бұл бедеулік, тіпті әйелдердің өліміне әкелуі ғажап емес. Әр кезекті түсіктен кейін ауыр асқынулардың қаупі артады. Түсіктің асқынуы ерте және кеш пайда болады.
Ерте пайда болатын асқынулар
Бұған ота барысында немесе кейінірек пайда болған асқынулар жатады. Бұл қансырау, эндометрит, аднецит секілді ісіп қызару процесі, жатырдың тесілуі, ішперденің қабынуы болуы мүмкін.
Солардың ішінде ең қауіптісі жатыр қабырғасының тесілуі болып табылады. Себебі, ол дереу хирургиялық отаны қажет ететін басқа мүшелерге зақым келтіруі мүмкін. Жатыр қабырғасының бұзылуынан туындайтын әртүрлі қарқынды дамып келе жатқан қан кетулерді емдеу тағы да дәрігерге барып, қыру рәсімін жүрзуді талап етеді.
Осындай процедуралар қаншалықты жиі жасалса, жатыр секілді репродукциялық органның қабырғалары соғұрлым жұқарады. Әйелдің жыныс мүшесіндегі инфекцияның созылмалы ошақтарының пайда болуы және ұрықты жұмырқаның қалған бөліктерін толық тазаламау нәтижесінде мүшелердің қабыну процестері пайда болады.
Олардың белгілері:
Іштің төменгі бөлігінде созылмалы ауырсыну түріндегі ауырлық пайда болады. Бұл кезде дене қызуының көтерілуі мен жыныс жолынан іріңді қан кету, сондай-ақ әлсіздік секілді салдар бірге жүреді.
Кеш пайда болатын асқынулар
Уақыт өте пайда болған асқынуларға гормоналды бұзылулар, бедеулік, эндометриоздың пайда болуы, бала көтере алмау немесе жүктіліктің соңына дейін жетпеуі, созылмалы өткір үрдістер, сондай-ақ болашақ жүктіліктің ауыр болуы кіреді. Мұндай түсік асқынулары уақыт өткен соң, тіпті жылдар өткеннен кейін пайда болады. Оған себеп жатыр қуысы және гормондарды қайта құру кезінде туындаған шырыш болуы мүмкін. Ол жатыр миомасы, эндометриоз, эндометрия, гиперплазия секілді гормонға тәуелді аурулар мен етеккір циклінің бұзылуы сияқты салдарға әкеледі.
Қауіпті гинекологиялық ауруларды алдын алудың жолы қандай >>>
Түсіктен кейінгі асқынулардың белгілері және емдеу нақты жұқпаның ауырлығына байланысты. Бастысы, жатырда ұрықтың ешқандай қалдығының қалмағанына көз жеткізу маңызды. Ал, түсік өздігінен болған кезде жатыр қуысының бос екеніне көз жеткізу үшін арнайы көмекке жүгіну қажет. Мамандар түсік жасаған әйелді бұлшықетішілік немесе көктамыр ішілік паротентерлі антибиотикпен және инфузионды терапиямен емдеп, тез арада ұрықты тіндердің қалдықтарын алып тастаулары тиіс.
Басқаша айтқанда, дереу түрде антибиотикалық терапия жасау керек. Инфекцияның шамалы ауырлығына байланысты науқасты ауруханаға жатқызу қажет болмауы да мүмкін. Себебі, антибиотиктерді ішке қабылдауға да болады.
Егер 2-3 күннен кейін ауырсыну жеңілдеп, жатыр мойнының ауыруы азая бастаса, дене температурасы қалыпқа түсіп, науқастың денсаулығы әлдеқайда жақсы болса, онда вакуумдық аспирация немесе қырып тазалау рәсімін жасау қажет емес.
Жатырда инфекция болу белгілері:
Арқадағы ауырсынулар;
Жамбас немесе іш аумағының ауыруы;
Қалтырап, безгек ұстау;
Жағымсыз иісті қынап бөліну;
Қанды бөлініс немесе созылмалы қан кету;
Ұйқышылдық, бұлшықет аурулары, жалпы әлсіздік;
Жатыр мойнының қозғалуы кезінде ауырсыну немесе жамбас аймағын тексергенде ауырсыну болса және жатырдың өзі ауырса онда инфекция бар деген сөз.
Егер түсік жасатқан әйелден осы белгілер анықталса, олардың дамуы кезінде науқас дереу түрде көмекке жүгінуі тиіс. Бұны тіпті көрінбейтін белгілер кезінде де жасау керек. Инфекция белгілері, әдетте, түсік түсіргеннен кейін 2-3 күннен кейін пайда болады. Бірақ инфекцияның өзі ертерек немесе бірнеше жылдан кейін басталады.
Босанғаннан немесе түсіктен кейін ұрық тіні қалдығының жатырда қалу белгілері:
- жамбас немесе іш аумағының ауыруы;
- арқаның ауыруы;
- шок тудыруы мүмкін созылмалы және ауыр қан кету (тершеңдік, жылдам импульс, бас айналу немесе естен тану, терінің жабысқақтығы);
- жамбас аймағын тексеру кезінде жатырдың жұмсақ, кеңейіп, ауыруы;
Инфекция көбіне бактериялардың өсуі үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ететін ұрық тінінің жатырда қалу белгілерімен бірге жүреді. Бұл жағдайда вакуумдық аспирация немесе қыру арқылы қалдық тінді немесе ұйыған қанды алып тастау керек.