Түрмеден шыққан ММА шебері қарсыласын нокаутқа түсірді
Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Александр Емельяненко түрмеден шыққаннан кейінгі алғашқы айқасында бразилиялық Джеронимо Дос Сантосты нокаутпен жеңді.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Аталған жекпе-жек 27 қыркүйек күні Мәскеуде World fighting championship Akhmat турнирі аясында өтті. Ол алғашқы раундта-ақ қарсыласынан басым түсіп, ауыр соққылар дарытты. Дос Сантос нокауттан кейін тұрғанына қарамастан, төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Бразилиялық біраз уақыт төрешімен дауласып көрді. Алайда бұл әрекеті нәтижесіз болып, жеңіс Емельянкоға берілді. Ресейлік 24 рет жеңіп, 7 рет жеңілген. Ал Дос Сантос 20 рет сүрініп, 38 рет ұтқан.
Естеріңізге сала кетсек, ресейлік спортшы 2016 жылы үй қызметшісі Полина Степанованы зорлап, толқұжатын ұрлағаны үшін сотталған.
Жіберіп алмаңыз:
Головкин-Альварес кездесуі бокс тарихында ең көп табыс тапқан үшінші жекпе-жек атанды
Ақтөбелік спортшы әлемді мойындатты
Джейкобс Головкинмен екінші рет кездесу үшін НВО арнасымен келісімшарт жасады

Министр Нұртілеуді ұстады деп жалған ақпарат таратқан Orda.kz құрылтайшысы кім және оны қандай жаза күтіп тұр?
