Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин-Альварес кездесуі бокс тарихында ең көп табыс тапқан үшінші жекпе-жек атанды

17 қыркүйекте таңғы уақытта Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес жекпе-жегі сатылған билеттерден түскен табысы жөнінде ең жоғарғылардың бірі болды.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Невада штатының спорттық комиссиясының (NSAC) мәліметінше, жекпе-жекке 17 мың 318 билет сатылған, бұл ұйымдастырушыларға 27 059 850 доллар пайда әкелді. Тағы934 билет тегін таратылған. Осылайша Головкин мен Альварес T-Mobile Arena аренасына келушілер саны бойынша рекорд орнатты.

Бірінші орында: Флойда Мейвезер мен Мэнни Пакьяоның жекпе-жегі (5 мамыр 2015), олар 72,2 миллион долларға билет сатқан. Екінші орында: Флойда Мейвезер мен Конор МакГрегор (26 тамыз 2017), олар 55,4 миллион долларға билет сатқан.

Осыған дейін Головкин мен Альварестің тапқан табысы туралы Daily Mail басылымы жазған еді. Басылым мәліметінше, қазақстандық боксшы – 25 миллион доллар, мексикалық – 35 миллион доллар.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбелік спортшы әлемді мойындатты

Джейкобс Головкинмен екінші рет кездесу үшін НВО арнасымен келісімшарт жасады

Головкин мен “Канело” екінші рет мамыр айында кездеседі

Иван Дычконың кәсіпқой рингтегі бірінші қарсыласы анықталды

Талқылау