Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иван Дычконың кәсіпқой рингтегі бірінші қарсыласы анықталды

Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иван Дычконың кәсіпқой рингтегі бірінші қарсыласы анықталды.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

27 жастағы Дычко өзінің бірінші жекпе-жегін 29 қыркүйекте Далласта өткізеді. Оның қарсыласы 34 жастағы америкалық Эйбур Райт. Ол үш жекпе-жек өткізіп, екеуінде жеңіп, біреуінде жеңіліс тапқан.

Еске салайық, маусымда Дычко америкалық The Heavyweight Factory компаниясымен келісімшартқа отырған еді.

Оқи отырыңыз:

Головкин мен “Канело” екінші рет мамыр айында кездеседі

АҚШ президенті мен елдегі спортшылар арасында кикілжің пайда болды

Майк Тайсон: Мен Головкиннің жанкүйерімін

Желіде бокс бапкерінің төрешіні сабап тастаған видеосы пайда болды (видео)

Талқылау