Түркиядағы қазақстандықтар үшін маңызды телефон нөмірлері жария етілді
ҚР сыртқы істер министрлігі Түркиядағы қазақстандықтар үшін маңызды телефон нөмірлерін жариялады.
Сурет ҚазАқпарат
Қосымша сұрақтар мазалаған жағдайда Қазақстан азаматтары Түркия Республикасындағы Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық мекемелеріне телефон соғып, жауап ала алады:
ҚР елшілігі (Анкара қаласы):+90-533-600-6092,
ҚР Бас консулдығы (Ыстамбұл қаласы):+90-542-471-2211,
ҚР консулдығы (Анталья қаласы):+90-535-418-3532.
Еске сала кетсек, Түркия билігі елде әскери төңкеріс әрекеті болғанын мәлімдеген. Қайтыс болғандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтар бар екені туралы ақпарат түспеді. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Түркиядағы ел азаматтарын халық көп шоғырланған орындарға бармауға және барынша сақтық жасауға шақыруда. Түркиядағы ҚР елшілігі мәліметінше, курортты қалаларда жағдай тұрақты. Бірақ, демалып жатқан қазақстандықтарға қонақүйден шығып кетпеуге кеңес берілді.
Бұған дейін Түркия президенті Ердоған арнайы мәлімдеме жасап, ұйымдастырушылардың қатаң жазаланатынын айтқан болатын.
Қазіргі таңда елімізден Түркияға ұшатын барлық әуе рейстері шегерілді.