Түркияда мемлекеттік әскери төңкеріс әрекеті кезінде 50-ден астам адам қайтыс болды

Сенбі, 16 Шілде , 2016 9:06

Түркия билігі жұма күні кешке елде әскери төңкеріс жасау әрекеті болғандығын хабарлады. Ердоған бұны шағын бүлікшіл топ ұйымдастырып отырғанын айтып, халықты бүлікшілерге қарсылық көрсетуге шақырды.

7db7c44f-e9bb-42ea-a000-443930367283

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым әскери төңкеріс жасауға әрекет жасады деген күдікпен 120-дан астам адам ұсталғаны туралы хабарлады.

Осыған дейін Түркия президенті бұл төңкерісті ұйымдастырмақ болған топтар қандай жоғары лауазымда отырса да заңның қатаң талаптары бойынша жауапқа тартылатынын айтқан болатын.

Бұған дейін Анкара үстінде әскери ұшақтар мен тікұшақтар пайда болып, атыс дыбыстары естілгені хабарланған еді.
Түркияның Бас штабы президенттің биліктен тайдырылып, елді басқаруды қолға алғандарын мәлімдеді. Әскерилер билік қалпында қалып, барлық халықаралық байланыстар сақталатындығына сендірді.

2520021c-623d-4f3e-92ea-220f7e740918

Анкара және Ыстамбұл прокурорлары төңкеріс жасауға қатысы бар әскерилерге қатысты тергеуді бастады, бұл туралы елдің әділет министрі Бекир Боздаг мәлімдеді. Босфор бұғазының үстінен өтетін екі көпірді түрік полициясының қауіпсіздікке жауап беретін бөлімі – жандармерия жауып тастады, Ататүрік атындағы әуежай да жабылды, онда танкілер жіберілді.
Түркияның мемлекеттік телеарнасы төңкеріс кезінде хабар таратуын тоқтатты, әлеуметтік желілер шектелді. Алайда бірқатар видеолар мен суреттер әлемге таралып кетті.

Ыстамбұлда 6 адам қаза тапса, Анкарада бұл сан 42-ден асып кеткен. Үкімет бұл бүлікті ұйымдасырған Гюленшілер деп санайды екен.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Тағы да не сұмдық,Ердоған түркияның быт-шытын шығаратын болды ғой

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар