Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда демалған Асхат Тарғын бал айының суреттерін көрсетті (фото, видео)

Түркияда демалған Асхат Тарғын бал айының суреттерін желі арқылы бөлісіп жатыр.

18298371_1310622499051132_2330078410153394176_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Көктемнің алғашқы айында Асхат Тарғын екінші рет отбасын құрды. Әнші 23 жастағы Әлия есімді бойжеткенге үйленді. Тоғыз миллион теңгеге дүркіретіп той жасады. Қос ғашықтың тойына 300 адам келген екен.

18380627_294509337641703_4344797528043028480_n

Жуырда олар бал айын өткізу үшін Түркияға кеткен болатын. Енді міне әнші желі арқылы бал айының суреттерін бөлісіп жатыр. Асхат Тарғын сүйіктісімен Белек қаласында тоқтауды жөн көріпті.

18251581_434141410280071_4723423763046072320_n

Әнші осы уақытқа дейін жұбайының өте қарапайым екенін айтқан болатын. Тіпті, түсірілімдерге бірге барудан бас тартады екен. Ал демалыста суретке түсуден бас тартыпты. Десе де, желі қолданушылары әншінің келіншегімен түскен суретін көргісі келетіндерін жарыса жазып жатты. Көп ұзамай Асхат мырза тыңдармандарының тілегін орындады.

5x5OBRAZAC-AMERIKA

«Сұрауларыңыз бойынша келіншегіммен бір сурет. Кешкі ас ішіп отырмыз. Қайырлы түн баршаңызға! Қазағым аман болсын», – деп жазады әнші суреттің тұсына.

18253316_143074199566069_503081017007931392_n

Түркияның Белек қаласында тұратын қазақтар көп екен. Олардың бірі әншіге жолығып, өзінің Шымкент қаласының тумасы екенін айтқан. «Ішім пысқасын қала аралап қайтайын деп шыққанмын. Сауда орталығымен келе жатсам біреу айқайлайды “Қазақстан” деп. Қарасам бір жігіт киім сататын дүкеннің алдында тұр. Сөйлесе кеттік. Сөйтсем Қазақстаннан екен. Қай жеріненсің десем, Шымкент дейді ғой. “Ай жарайсың бауырым. Беймарал брат” деп қояды. Өзі киім дүкенін ашып алыпты. Аңқылдақ жігіт екен», – дейді Асхат мырза отандасы туралы.

18381860_312341532522393_856705388387500032_n

Мұнымен қатар, Асхат мырза аталған қаланың әсем жерлерін суретке, видеоға түсіруді ұмытпады.

Өзі күнге күйіп, қарайып кеткенін айтады.

18444139_763490993817817_8877649718105079808_n

Бірнеше сағат бұрын әнші елге оралды. «Аман-есен елге жеттік! Жазған пікірлеріңізге, тілек-ниеттеріңізге рахмет. Жанұямның атынан мың алғыс!» – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Қытай арнасы Димашты түсіну үшін 5 қазақ баласын жұмысқа алған

Мейрамбек Бесбаев еш жерде жарияланбаған отбасылық суреттерін көрсетті (фото)

Баян Есентаева үлкен қызының өздігінен ақша табатынын айтып мақтанды

Оңтүстіккореялық әнші PSY тағы да YouTube-ты «шулатып» жатыр

Талқылау