Түркия әуежайын жарғандар бейнебақылау камерасына түсіп қалған (видео)
Таспада жарылғыш зат көтерген жанкештілердің ғимарат ішіне жайбарақат кіргендері көрініп тұр, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.
Сурет: ©Reuters
Бұл кадрлар қазір Түркияның түкпір-түкпіріне тарап жатыр. Үш жанкештінің бірінің аты-жөні белгілі болды. Ол Мүсілім Сарыйяр деген түрік азаматы боп шықты. Өз отандастарына оқ атып, артынша өз-өзін жарып жіберген жігіт ғимарат ішіне бірінші боп кірген. Бүгін Ыстамбұлда осы лаңкестік әрекетке қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 13 адам құрықталды.
Қаладағы бірнеше пәтерлерді тінтіген полиция қызметкерлері олардан қару-жарақ пен жарылғыш заттар тәркіледі. Сондай-ақ, Измирде лаңкестерге қолдау білдірді деген күдікпен 9 адам ұсталды. Естеріңізге салсақ, алдыңғы күні Ататүрік әуежайында үш жанкешті өздерін жарып, соның салдыранын 40-тан аса адам қаза тауып, 200-ден астамы жараланған болатын.
Бұған дейін Ыстамбұлдың халықаралық Ататүрік әуежайында екі дүркін жарылыс болғанын хабарлаған едік. «Эйр Астана» ұшағы Ыстамбұлдан теракті болардан 5 минут бұрын ұшып кеткен.