Түркістандық “тірі пайғамбар” шошқа майы мен арақты адал деп жұртты шошытты
Өзін тірі паймғамбар атаған Нұрәлі Әмірәлиев шошқаның майы мен арақты адал тамақтардың қатарына қосып жұртты шулатты.
Бұл туралы “Айтылмаған әңгіме” бағдарламасында айтылды.
– Түсірілім кезінде шошқа майын жеп, оны адал тағамдардың қатарына қостыңыз. Әлі де осы пікірді ұстанасыз ба?
– Құранда Мұхаммед пайғамбарымызға “Тамақтың ішінде несі адал, несі харам?” деп сұрақ қойған екен. Соның жауабын айтып кетейін. Ол “Мен тамақтың ішінде арамын көрмедім” деген. Оны кім арам қылады? Әлбетте, Құранды түсінбей оқыған адамдар. Яғни шошқаның еті – харам, ал майы – адал. Мұны кезінде Исраиль пайғамбарға да берген. Құранның ішінде темекі туралы жазу жоқ. Алайда анаша тартуға тыйым салынған.
– Сұхбаттарыңыздың бірінде “Балаларға көрсетпей арақ ішуге болады” деп едіңіз. Осы туралы не дейсіз?
– Арақ ішудің өзіндік орны бар. Құранда үшінші жәнаттағы бұлақтардан арақ ағатыны туралы жазылған. “Ботакөз қыздар шелектеп әкеліп, шәйнек пен кесеге құйып береді” делінген. Жәнаттағы арақтың түсі ақ, мөлдір болады. Бірақ ол қанша ішсең де, мас қылмайды. Денеңді балқытып отырады. Мен арақты дәрі есебінде пайдалануға болатындығын айтып отырмын.
– Яғни, сіздің ойыңызша, арақ адал ғой?
Иә, ол адал. Алла тағаланың берген тағамын кім арам қылады? Бірінші – Құранды түсінбейтін молдалар, екінші – ішіп алып, бала-шағасы мен әйеліне зәбір көрсететіндер, үшінші – ішіп алып ел-жұрттың мазасын алатындар. Адал тамақты ниетімен дұрыс қабылдаса, ол қалай арам болады? Сендер сенбей отырсыңдар. Құранда арақты қажет десеңіздер, 10 рет қайталап адал деген. Осыған өзім жауап беремін.
Алайда Нұрәлі Әмірәлиевтың пікірімен студия қонақтары келіспеді. “Құранда Алла тағала кешірімді болуымыз керектігін айтады. Оны тек сізге емес, бүкіл халыққа айтып жатыр. Мұнымен қатар, сіз секілді жаһид надандардан аулақ болуға кеңес береді. Иман келтіргендердің арасына іріткі салып, жаман әңгімелер айту – жақсы дүние емес. Ол адам Алланың үлкен қаһарына ұшырайды”, – дейді Қанағат қажы.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстанда бірқатар пәндер ағылшын тілінде өтетін болады
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды
Елбасы: Ең төменгі күнкөріс шегі елдің тұтынушылық шығыстарына сәйкес келуі тиіс
Президент жолдауынан: Қытай Қазақстанда өндіріс орындарын құрады