Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент жолдауынан: Қытай Қазақстанда өндіріс орындарын құрады

Қазақстан үкіметі 1 қыркүйекке дейін инвестициялық стратегияны дайындауы тиіс. Қазақстан өз аумағында Қытаймен бірлескен кәсіпорын құрады.

786338

Фото: Николай Хижняк

«Бізге қызмет көрсету, тауар өндірісі мен шикізаттың ғаламдық жүйесін құру керек. Ол үшін бірінші кезекте трансұлттық компаниялардың қаражатымен іске асырған жөн. Қытаймен бірлесе отырып өндіріс құру бойынша инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру керек. Қытаймен келісім жасалып, объектілер таңдалып қойды, енді тек жұмыс істеу керек», – делінген президенттің халыққа жолдуында.

Мемлекет басшысы мұның қазақстандықтар үшін 20 мың жаңа жұмыс орны бар заманауи өндіріс болатынына сенімді.

«Бүгінгі күні 6 жоба іске асырылуда. Екі жоба жұмысын бастап кетті. Оның бірі – JAC электрлі автомобиль және гибридті жинақ жасаушы зауыт. Қазақстанда өзінің инвестициялық стратегиясы болуы тиіс. Үкімет осыны 1 қыркүйекке дейін дайындауы керек», – делінген жолдауда.

Президент халықаралық әріптестік аясында ұлттық экономикалық қатынасты дамыту керек деп санайды.

«Бұл біріншіен, ЕКО, ШӘҰ-ның Жібек жолы экономикалық аймағымен бірге ішкі жұмыстарына қатысты. Сол үшін экономикалық дипломатияның жұмысын арттыру қажет», – деп атап өтті елбасы.

Президенттің айтуынша, Қазақста шетел инвесторларын тарту мәселесінде көш бастауы тиіс. Ел экономикасында қаржылай ресурстарды тарту жөнінде басты рөлді «Астана» халықаралық қаржы орталығы атқаруы тиіс.

Жіберіп алмаңыз:

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды

Елбасы: Ең төменгі күнкөріс шегі елдің тұтынушылық шығыстарына сәйкес келуі тиіс

Президент халықтың ұсынысын тыңдауға 30 күн уақыт бөлді

Талқылау