Түркістан облысында қоянның қанымен, бақаның желімен емдейтін емші тұрады
Түркістан облысында жаңа сойылған қоянның қанымен, бақаның желімен емдейтін кісі тұрады. Емші кісі емдеу жолының қыр-сырын айтып берді.
Ауылына емші ретінде танылған Медетбек Сүлейменұлы Жолшиев Мақтарал ауданы Мыңжасар ата ауылынды тұрады, деп жазады Замана.
Медетбек Сүлейменұлы өзінің айтуы бойынша, бала күнінен сынықшы болған. Бұл қасиет ата-бабасынан қан арқылы берілген екен. Кейін емшілік жолға түсіп, түрлі әдіспен науқастарды ауруынан айықтырған.
Ол Сайд Юлдаш Әлидің «Мен емшімін» атты кітабын оқып, біраз мағлұмат алған. Емді сол бойынша жүргізеді.
“Бірде әбден ауырып, құр сүлдері қалан жігіт келді. Туыстарының апармаған жері жоқ. Терісі денесіне жабысып арықтап қалған. Мен оған жабайы қоянды сойып, басын төмен қаратып қанын іш дедім. Қоянның қанын жылы күйінде ішу керек. Қоянды іліп қойып, астына жатып жұтса да болады. Науқас жігіт солай жасады. Бірнеше ай айтқанымдай жасапты. Одан бөлек асқабақты шикілей же дедім. Кейіннен туыстары жігіттің ауруынан жазылып, жақсарғанын айтты”, – дейді емші.
Емші қоянның қолға үйретілгенін емес, жабайы түріп сойып, қанын ішу керек екенін ескертті.
“Ал, бақаның желін қалқанша без ауруын (зоб) емдеу үшін қолданамын. Мұны өз жақындарыма да істеп көрдім. Нәтижесі болды. Келінім зоб ауруымен ауыратынын айтты. Мен көктем шыққанда су бақаларын ұстап әкеліп, желін келініме жұтқыздым. Бақаны теріс қаратып, ішін басса желі шығады. Осыдан соң келінімнің ауырдым дегенін естімедім. Су бақаларының уы болмайды”, – дейді Медетбек Сүлейменұлы.
Емші қатерлі ісіктің алғашқы сатысы кезінде Көлбар жыланымен емдей алатынын айтты.
“Жыланмен емдеу жолын да білем. Қатерлі ісіктен айықтыру үшін 12 жыланды тұтыну керек. Ол өліп қалған торларды ашып, аурудан айықтырады”, – дейді емші.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Ирандағы шиеленістен соң мұнай құны өссе, Қазақстанда доллар бағамы төмендей ме – Сарапшылар жауап берді
