Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түн ортасында елді дүрліктірген пакет бомба емес киімдер болып шықты

Көпқабатты үйлердің бірінің есік алдынан күдікті пакет табылды. Бұл туралы “КТК” арнасы хабарлады.

Тұрғындардың бірі есік алдында тұрған түсініксіз затты бомба деп ойлап, полицейлерді шақырды.  Садарынан көпқабатты үйдің 300-ге жуық тұрғыны аязды күнде далаға шығуға мәжбүр болды.

“Отбасымызбен енді ұйықтайын деп жатқан едік. Кенеттен подъезде айғай-шу шықты да, артынша үйге полицейлер кіріп, дереу пәтерден шығуымызды талап етті. Енді ештеңе түсіне алмай далада жүрміз”, – деді тұрғындардың бірі.

80 пәтердегі әр тұрғынды жекелей далаға шығарған тәртіп сақшылары, көпқабатты үйдің маңайын қоршауға алды. Кез-келген жағдайға дайын өрт сөндірушілер  мен жедел жәрдем көлігі де келген.

Мамандар үрей туғызған пакетті ашып қараса бомба емес, жәй ғана киімдер шықты. Бір сағат бойы аязда тұрған тұрғындар сақтық шараларын күшейткен полицейлерге түсіністікпен қарайтынын айтты. 

Оқи отырыңыз: 

Бостандықта нәпақа таба алмаған ақтөбелік әйел түрмеге қайта отыру үшін жалған бомба туралы айтқан

Өзіне қол жұмсамақ болған қыздың қалтасынан елбасыға жазылған хат табылды

Шығыс медицинасы әлемдегі ең үлкен қылмыстық бизнеске жатады

Талқылау