Назарбаевтың "кітапханасын" қамтамасыз етуге 3,8 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалмақ
Тұңғыш Президенттің “кітапханасын” қамтамасыз етуге 3,8 млрд теңгеден астам қаражат сұралған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы министрлігі бұған дейін экс-президенттің кеңсесін қаржыландыруды қысқартуға уәде бергенімен, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін 2024 – 2026 жылдары қамтамасыз етуге 4 миллиард теңгеге жуық қаражат сұралды, делінген ашық бюджеттер сайтында.
"Шығыстар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасының, жеке мұрағатының және мұражайының жұмыс істеуіне бағытталған", – делінген сұрау салынған бюджеттің негіздемесінде.
Бюджеттік бағдарламаның басшысы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы кеңсесі орынбасары Асқар Молдағаринов.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты мен міндеттері – Тұңғыш Президенттің жеке кітапханасының, мұрағаты мен мұражайының жұмысын ұйымдастыру, оның Қазақстанның қалыптасу және даму тарихындағы рөлін сақтау, Нұрсұлтан Назарбаевтың шығармашылық, тың идеялары мен бастамаларын ақпараттық-имидждік негізде дамыту.
- 2024 жылы – 1 195 450 000 теңге;
- 2025 жылы – 1 328 275 000;
- 2026 жылы – 1 338 684 000 теңге жұмсау жоспарлануда.
Үш жылға сұралған бюджеттің жалпы сомасы – 4 миллиард теңге. Биыл жоспарланған бюджет сомасы – 958 млн теңге.
Ал 2022 жылдың есепті кезеңінде 962 млн теңге жұмсалған.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев наурыз айында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев кітапханасын мемлекеттік қаржыландыруды қысқартуды қарастыруға уәде берген еді. Маусым айында Жамаубаев канцелярияның қайта құрылымдауынан 2-3 миллиард теңге қалады деген еді. Сондай-ақ канцеляриясы жақын арада жұмысын тоқтататынын айтқан.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
