Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түсіпбева бірнеше рет тұрмыс құрып, дүркірете той жасаған жұлдыздарды қатал сынады

Атышулы Меруерт Түсіпбаева тағы да өткір пікірімен көзге түсті. Бұл жолы оның шамына тиген бірнеше рет тұрмыс құрып, қуанышын дүркірете атап өтетін жұлдыздар. Соңғы кездері қалыпты көріне бастаған бұл үрдіске, өнер иесі мүлдем қарсы.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Біз өзіміздің ата-бабамыздан қалған ырым және салт-дәстүрден алыстамауымыз керек. Тіпті, өнер адамдары бір рет шықса да, үш рет шықса да, ақ көйлегін киіп, беташарын жасап, инстаграмға салатын болған. Оның барлығы біздің жастарға берілген өте нашар үлгі”, – дейді Меруерт.

Бірнеше рет келін атанып, бұл қуанышын жұртқа жариялайтын жұлдыздарды Түсіпбаева түсіне алар емес. О заман да, бұ заман арулар екі рет ұзатылмаған дейді әнші.

“Құдай сақтасын, біздің бір өнер адамы екі баласымен беташар болған. Мен оны түсінбеймін мүлдем! Ол қайдан келген ырым, қайдан келген теория?! Біздің ата-бабамыз ешқашан оған жол бермеген”, – дейді Түсіпбаева.

Салт-дәстүрді нық ұстануымыз керек деген Меруерт Түсіпбаеваға әріптестерінің өз жауабы бар. Жазира Байырбекова бірнеше рет тұрмыс құрмаса да, тағдырдың сан алуан қиындықтарына төзген аруларды  жақтайтынын айтты.

“Өнердегі қыздардың тағдырына тиіспесе екен деймін. Олай айтуға қорқу керек, өйткені әркімнің ұрпағы бар. Болашақта ол ұрпағының қалай болатынын білмейді”, – дейді Байырбекова.

“Негізі адамның көңілі, пейілі түзу болса, жақсы ой болса, ажырассын, күйеуге шықпаған болсын ондайға қарамау керек”, – дейді әнші Шахизада.

Қамшының сабындай қысқа өмірде өзгені қаралаудан аулақ болуға шақырған Шахизада, маңдайыңа жазған тағдырдан қашып құтыла алмайсың дейді.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Жұбайынан жұлдыз жасағысы келген Қайрат Нұртасқа әріптестері қарсы шықты

Бір топ бұзақылар Айдана Меденованың сән салонын талқандап кеткен (видео)

Жол апатынан кейін халықпен қайта қауышқан Ернар Айдар сахнада көз жасын тоқтата алмады

Ерке: Желіде Ерке, теледидарда Ерке, тойда мен халық жалығып кетеді ме деп қорқам

Талқылау