Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түсіпбаева сапасыз алқа жасап берген Кауменоваға “шабуылдады” (фото)

Аида Кауменова – еліміздегі ең танымал дизайнерлердің бірі. Оның киімдерін қарапайым халық кимесе де, есімін жақсы біледі. Себебі отандық эстрада жұлдыздары Кауменованың киімдерін сахнаға жиі киіп шығады, жарнамалаудан да жалықпайды. Тек бұл жолы оның қолынан шыққан ұлттық нақыштағы мойын алқасы үлкен дауға себеп болғалы тұр, деп хабарлайды Stan.kz.

vbhf

Әдемі киінгенгенді ұнататын кербез әншілердің бірі – Меруерт Түсіпбаева. Әншінің айтуынша, Аида Кауменованың бұйымдары қымбат бағасына лайықты емес. Түсіпбаева 97 мың теңгеге сатып алған алқасының небәрі екі рет тағылғаннан кейін ажырап шыға келгенін айтып шағымданды. Танымал дизайнерге деген ренішін жекелей емес, әлеуметтік желі арқылы жеткізді.

кайменова принт

Бірнеше сағаттан кейін Түсіпбаева желіде тағы бір жазба жариялады. Онда ол:

«Аида Кауменова мені неге бұғаттап тастаған деп ойлап отырмын. Бұдан былай өзінің брендінен шығып жатқан киімдердің сапасы жақсара ма? Сатылған тауарға чек беріле ме? Қытай шикізатымен алысқа бармайтыныңыз түсінікті, дегенмен де?» – деп жазды.

Келесі жазбасында Түсіпбаева ханым күндізгі сағат 12-ге дейін Кауменовадан жауап күтетінін мәлім етті. Әзірге танымал дизайнер әншінің назына жауап берген жоқ. Оқиғаның немен өрбитінін әрі қарай күтейік…

Жіберіп алмаңыз: 

Алматы жастары Ninety One тобын қолдап ән салды (видео)

Домбырамен терме айтқан Түсіпбаева желі қолданушыларын таңқалдырды (видео)

Мәдина Сәдуақасова екі көзі көрмейтін әнші қызға продюсер болмақ (видео)

Ата-анасы Серік Ибрагимовтің үйленетінін теледидардан естіген

 

Талқылау