Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түрмеде жазықсыз 31 жыл отырып шыққан ер адам миллионер болып кетті

АҚШ-та ер адам жазықсыз түрмеде 31 жыл отырып шыққан ер адам 1 миллион доллар көлемінде өтемақы алды.

Бұл туралы Fox 17 порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

АҚШ-тың Теннесси штатының тұрғыны Лоуренса МакКинни 2009 жылы түрмеден босатылды. Себебі оның ісіне қатысты жаңа айғақтар пайда болған еді. Қорлық және тонау фактілері бойынша айыпталған 61 жастағы ер адам кінәсіз деп танылып, өтемақы ретінде 75 доллар (24 мың теңгеден аса) берілген.

«Үкімет менің 30, тіпті 40 жыл өмірімді құрдымға жіберді. Жаңа өмір бастауға мүмкіндігім жоқ еді», – дейді МакКинни.

2017 жылы 20 желтоқсанда штат губернаторы Мак Кинниді ақтап алғаннан кейін ғана ер адам өтемақы мөлшерін ұлғайтуды талап еткен.

Штаттың шағымдарды қарастыру жөніндегі комиссиясы 21 наурызда түрмеге жазықсыз қамалған жағдайда төленетін максималды өтемақы төлеуге міндеттелді. Осылайша ер адамға 1 миллион доллар (320 миллион теңгеден аса) көлемінде өтемақы берілетін болды.

Мак Кинни қорғаушы қызметінің ақысын төлеп, қарыздарын қайтару үшін 353 мың долларды (113 миллион теңгеден аса) үкімет бірден береді. Ал қалған 647 мың (207 миллион теңгеден аса) долларды 3 350 доллар (1 миллион теңгеден аса) көлемінде ай сайынғы төлем ретінде бөліп береді. Мемлекет кемінде 10 жыл бойы төлем төлеп тұруға кепіл берді. Ал Мак Кинни қайтыс болған жағдайда, ақша оның әйелі мен балаларына берілетін болады.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық қорғаушы АҚШ-тың бірінші ханымының қолынан марапат алды (видео)

Ер адам зейнетке ерте шығу үшін есімі мен жынысын өзгертіп тастаған

Ресейде бойжеткен ұрлығын жасыру үшін беті мен қолын қайшымен тіліп тастаған

Ұлды болуды армандаған ер адам 3 айлық қызын аяусыз ұрып тастады

Талқылау