Түрмеде көз жұмған ер адам мәйітханада тіріліп кетті
Дәрігерлер мерт болды деп мәлімдеп, мәйітханаға жіберілген ер адам тіріліп кетті.
Испанияның солтүстігіндегі Астурия повинциясында түрмеде жазасын өтеп жатқан Гонсало Монтойя Хименес есімді азамат түрмеде есінен танып қалған. Дәрігерлер оның өз жұмғанын мәлімдеген.
Туыстарының айтуынша, ер адам денесін көмер алдында есін жиған. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.
Болжам бойынша, Хименестің талмасы ұстаған болуы мүмкін. Каталепсия талмасы кезінде адам денесі жансызданып, ағза мүшелерінің жұмысы тоқтап қалады. Сол себепті адам көз жұмғанмен тең көрінеді. Алайда ер адамға әлі нақты диагноз қойылған жоқ.
Ер адамның өлімі жайлы түрменің үш дәрігері мәлімдеген. Олар ер адамды тексеру үшін мәйітханаға жөнелткен.
Тағы да оқыңыз:
Әйгілі Сахара шөлінде екінші жыл қатарынан қар жауды
Балалар үйінің қызметкерлері 118 баланы жасырын зорлап келген (фото)
Павлодарда полицейлер өзгелерге кесірін тигізе жаздаған Аяз атадан жауап алды