Түрме тұтқындары қолдан компьютер құрастырып порно көрген
Америкалық Адам Джонсон мен Скотт Сприггис тарихқа ең ақылды тұтқындар ретінде кіруі мүмкін.
Бұл туралы Gizmodo хабарлайды.
Екі тұтқын Марион түрмесінде жазаларын өтеп жатқан. Ескі компьютерлерді пайдалану кезінде олар өздерімен бірге құрылғының көптеген бөлшектерін алып кетіп, содан жаңа екі компьютер құрастырып шығарған.
Огайо штатының бас инспекторының айтуынша, толыққанды жасақталған компьютер шкаф сөресінде жасырылған.
Джонсон мен Сприггс қандай да бір жол арқылы кабелді төбе арқылы созып, оны желілік коммутаторға жалғаған. Осыдан соң тұтқындар интернетке шығу мүмкіндігіне ие болып, бұрынғы түрме қызметкері Рей Кентрберридің есептік жазбасын пайдаланған. Интернетке қосылу арқылы олар есірткіні дайындау және үй жағдайындағы жарылғыш затты жасау жолдары бойынша мәліметтерді жүктеп алады. Сонымен қатар, Джонсон өзге тұтқынның есімін, әлеуметтік сақтандыру нөмірін пайдалану арқылы несие картасына өтініш берген.
Олар порнография, музыка, сериалдарды да жүктеп алып көрген. Кейін ол өнімдерді өзге тұтқындарға да береді.
Тергеушілер олардың компьютерінен құпия сөзді, жеке мәліметтерді бұзуға арналған бағдарламаларды тапқандарын хабарлады. Билік өкілдерінің айтуынша, олар бұл бағдарламаларды түрме құжаттарына қол жеткізу үшін пайдаланған.
Оқи отырыңыз:
Бойжеткен селфиге түсуге құмарлығының арқасында өз өмірін құтқарып қалды
Неміс қызы үш жыл бойы тырнағын алмай, оны 14,8 см-ге жеткізген (фото)
Бойжеткеннің смартфонға деген құмарлығының кесірінен омыртқасына зақым келген
4 күн бойы із-түссіз жоғалып табылған бүлдіршін мән-жайды өзі айтып берді (видео)

Биыл қай салаға қанша грант бөлінді: Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар аталды
