Түркияда жол апатынан зардап шеккендерге әлі санавиация жіберілмеген болып шықты
Жат жерде ауруханада қалған төрт жерлесіміздің елге қашан оралатыны белгісіз болып тұр. Сыртқы істер министрлігі кешелі бері отандастарымызға санитарлық авиация жеберілді дегенмен, ұшақ әлі ұшпаған болып шықты, – деп хабарлайды КТК арнасы.
“Туристік Қамқор” қоры Түркияда ірі жол апатын бастан кешіргендердің қателігін қайталамауға кеңес беріп отыр. Түркия ауруханасында жатқан жерлестерімізді елге қайтару ісі созбалаңға салынып кеткендей. Өйткені, сол жақта қалған қыз-жігіттерді алып келу үшін санитарлық авиация жіберіледі дегелі бүгін екі күн өтті. Әзірге, ұшақпен елге ешкім оралмаған.
Бірақ, диломаттар науқастарды тасымалдау үшін Түркия тарапымен әлі келісімге келе алмай жатқан секілді. Оның үстіне қағазбастылық та істі созып жіберген сияқты. Сондықтан Анталия ауруханасында жол апатынан зардап шеккен 4 жерлесіміз әлі жатыр. Оның үстіне олардың ем-домына да көп ақша кетіп жатыр екен.
“Қалған төртеуі, оның ішінде үш қозғала алмайтын азаматтарымыз жоспар бойынша бүгін Анталиядан түскен кейін Қазақстанға санавияцияның арнайы рейсімен Қазақстанға келуі керек. Алматыға келеді деп жоспарланып отыр. Уақыты әлі белгісіз”, – дейді ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов.
Бірақ, санитарлық авиацияның Анталияға ұшу уақыты кейінге шегерілген. Ал, «Туристік Қамқор» қоры ел азаматтарына Түркияда қиын жағдайға тап болған жерлестеріміздің қателігін қайталамауға кеңес берді. Яғни, шетелге қыдырып шығарда өз бетінше билет алмай тек турфирма арқылы ұшу керек.
“Егер турист турпакет сатып алатын болса, ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деген сөз. Яғни, медициналық сақтандыруы және туркоды болады. Осы арқылы шетелде кез-келген жағдайға тап болған туристке міндетті түрде бірден көмек көрсетіледі”, – дейді “Туристік Қамқор” қорының директоры Асылхан Есілов.
Ал, Анталияда жол апатын бастан кешірген қыз-жігіттердің Анадолы еліне өз бетімен барғаны белгілі. Яғни, туркоды не туристік компаниялармен келісім-шарты және сақтандыруы болмапты. Сондықтан көмек те кеш жеткен. Енді осындай қайғылы жағдайдан соң, «Қамқор» қоры азаматтарға шетелге өз бетінше саяхаттауға заңмен тыйым салу керек дейді.
Оқи отырыңыз:
ШҚО-да ешқашан мектепке бармаған екі бала Маугли секілді өмір сүріп жатыр
ҚР мектептерінде қыздарына орамал шешкізбеген ата-аналар айыппұл төлейді
Министрлік университетке ақылы негізде түсетіндер үшін ҰБТ-ны алып тастауды ұсынды
Алматыда шіріп жатқан қарияға жедел жәрдем көмектеспей кетіп қалған