Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия Қырымды тартып алуы мүмкін

Украиналық “Свобода” партиясының көшбасшысы Олег Тягнибок Түркияның Қырымды алып қоюы мүмкін екенін айтты.

Бұл туралы Олег Тягнибок NewsOne телеарнасының эфирінде баяндады. Оның айтуынша, түріктер Ресейде тыйым салынған “қырым-татарлары халқы меджлисі” басшысының орынбасарлары Ахтем Чийгоз бен Ильми Умеровтың босатылуына бекерден бекер мүдделі болған жоқ.

“Түркия бәрібір Қырымға ниет білдіреді. Олар бұл жерді өзінің аумағы деп санайды және бір жылдан кейін бе, бес жылдан кейін бе Түркия бұл жақта ұлттық автономия емес, тіпті бөлек мемлекет құруға әрекеттенеді”, – деді ол.

25 қазан күні Ресейде әртүрлі мерзімге сотталған “қырым-татарлары халқы меджлисі” басшысының орынбасарлары Ахтем Чийгоз бен Ильми Умеров Түркияға берілген болатын. Оларды бастапқыда Симферопольге алып келген, сосын ұшақпен Анапаға, одан кейін Анкараға алып кеткен.  Еске салсақ, Қырым Ресей құрамына 2014 жылдың наурыз айында референдум арқылы қосылды. Өз кезегінде Киев, Евроодақ, АҚШ бұл әрекетті қолдаудан бас тартып, мұны мемлекеттің ішкі тұтастығына қол сұғу деп бағалайтындарын айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Сириядағы соғыс: Қарулы топтар тұтқындарды босатуға қатысты келіссөз жүргізіп жатыр

5 жылға бостандығы айырылған Гүлнәр Кәрімова жақын күндері тағы да сотталмақ

Бір топ адам әйелдің киімін киген жігітті соққыға жықты (видео)

Құран аяттарын жатқа айтқан тотықұс жұртты тамсандырды (видео)

Талқылау