Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістандық қыз өзінің күйеуге үшінші әйел болып шыққанын білмей қалған

Түркістан қаласының тумасы Дельфуза Еркінова өзінің қалайша үшінші әйел болып тұрмысқа шыққанын түсінбей қалған. Ауруханадан шыққан соң досы оны өзінің ағасына алып қашып берген екен. Енесінің тарапынан көрсетілген қысымға шыдамаған ол ақыры ажырасып кетіпті. Бойжеткен бұрынғы күйеуінің бүгінде алтыншы әйелін алып үлгергенін айтып жатыр.

дбл

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

“Астанадағы ауруханалардың біріне ауырып жатып қалдым. Сол кезде күйеуім мені сырттай бақылап жүрген екен. Оның інісімен жақсы араласатын едім. Ауруханадан шыққан соң мені алып қашып кетті. Осы сәтте кімге тұрмысқа шығатынымды түсінбедім. Артымнан қуғыншы болып әпкем келді. Бірақ, қайта келген қыз жаман деген сөзді ескеріп сол жақта қалдым. Екі-үш сағаттан кейін әпкем қоңырау шалып, “Дельфуза, сен әлгі жігіттің үшінші әйелі болғалы жатқаныңды білесің бе?” деді. Жалпы бұған дейін жігітті көріп, сөйлескен де болатынмын. Ол мен үшін барлығын жасауға дайын екенін айтты.

Уақыт өте келе енем екеуіміздің арамызға түсетін әдет шығарды. Әрине, барлық енелерді жамандамаймын. Бірақ, менің енем “Сен қыз болсаң, неге үшінші әйел болып тұрмысқа шығып жүрсің? Сен қыз емессің бе?” деп жаныма бататын сөздер айтатын. Не себепті бұлай айтқанын әлі күнге дейін түсінбеймін. Мені жалпы көшеде жүретін қыз деп ойлап қалса керек. Бір күні күйеуім мені достарынан қатты қызғанып, жанжал кезінде қол көтерді. Ер адамның қызғанғанын қоштаймын. Бірақ, әйел адамға қол көтергенін дұрыс көрмеймін. Мұнымен қатар, енем әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымды бетіме басып тиісетін еді. Ақыры шыдай алмай ажырасып кеттім”, – дейді 22 жастағы Дельфуза Еркінова.

Бағдарламаның тұрақты психологы Марал Сарбасқызы бойжеткеннің жеңілтектігін бетіне басып, ұрысып тастады. Оған айналасын өзгертпес бұрын, ішкі жан-дүниесін өзгертуге кеңес берді.

“Сіз бұл жерде шындықты айтпай тұрған сияқтысыз. Себебі, ақыл-есі дұрыс ене ұлының қандай жердің қызын әкелетінін біліп отырады. Яғни, енеңіз сіздің жоқшылықта өскеніңізді бетіңізге басуы мүмкін емес. Ренжімеңіз, өзіңіз де терең ойлайтын адамға ұқсамайсыз. Адам белгілі бір қадам жасамас бұрын терең ойланады. Кешіріңіз, бірақ, сізге қатты айтуға мәжбүр болып отырмын. Арада белгілі бір уақыт өтсе де, сіздің сөзіңіз, жүріс-тұрысыңыз мүлдем өзгермеген. Терең қазбалап, зерттейтін дәрежеге жеткен жоқсыз. Әрине, анаңыздың жоқтығы сізге әсер етті. Бірақ, бір рет сүріндіңіз, екі рет сүріндіңіз. Өзіңізден нені дұрыс жасамай жатқаныңыз туралы сұраңызшы. Мәселе енеңізде емес, сіздің дұрыс таңдау жасай алмауыңызда болып отыр”, – дейді маман.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық ене тәрбиелі келіндері туралы айтып мақтанды

Қазақстандық ене өзін күтушіге айналдырған келінінен көрген қорлығы туралы айтып налыды

38 жастағы ер адам әйелі мен көңілдесі арасында таңдау жасай алмай қиналғанын айтты

Жас келіншек опасыздық жасағаны үшін кешірім де сұрамаған күйеуіне ренжіп жүр

Талқылау