“Түрің трактористке ұқсайды”: Абай Бегейге жазылған ең сорақы пікірлер қандай?
Абай Бегей алғаш сахнаға шыққан жылдары көпшілік оны “Аспанға қараймын” әні үшін біраз сынға алды. Алайда өнер иесіне танымалдылықты сыйлаған да дәл осы туынды.
“Қазақстан” арнасына берген сұхбатында Абай Бегей өзіне қаратылып айтылған ең сорақы пікірлер жайлы айтты, деп жазады Stan.kz.
Айтуынша, “Аспанға қараймын” әніне дейін ол біраз уақыт өз жолын іздеп, өнерден өз жолын табуға тырысқан. Ол үшін тіпті, отбасын Ақтауда тастап, Алматыда көше кезіп жүрген кездері де болған.
“6 жылдан көп Алматыда жүрдім. Байқауларға қатыстым, осы өнердің айналасында жүрдім, біраз әндер жаздым. Сол Ақтаумен екі ортада біраз жүріп қалдым. “Аспанға қараймын” әні маған кездескенше өнерде ешқандай жолым болмады. Менің көрген қиындығымды ешкім көрген жоқ, сезген жоқ. Содан кейін білмейді. Сол 6 жылдың ішінде отбасымды тастап, Алматыға келдім. Қазір де солай жүргендер көп. Өнерге келіп, қартайып кетіп жатқандар қаншама?! Бұл да бір бақ деп ойлаймын”, – дейді Абай Бегей.
Әйткенмен, “Аспанға қараймын” әні Абайға бақ сыйлағанымен, жағымсыз сөз иелеріне жақсы сылтау да болған. Тыңдармандар оның өнерін ғана емес, алғашқыда сыртқы келбетіне қатысты да неше түрліні айтыпты.
“Алматыда 2015 жылы ән кешімді берер кезде Instagram парақшасынан көптеген негативті пікірлер оқып, кейіннен өкініп қалдым. – Не үшін шықты, қалай шықты? Бір ғана әнімен. Түрі трактористке ұқсайды, – деген әңгімелерден өнерді қоя салайын деген кезім де болды”, – дейді Абай Бегей.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
