"Сұрағанымды берді": Жахан Отарғалиев екі қызы бар келіншекке үйленгенін растады
Танымал актер Жахан Отарғалиев жеке өміріне қатысты шындықты айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Жыл басында әзілкеш үшінші рет шаңырақ көтерген еді. Көп ұзамай жеке парақшасына видео жүктеп, екі қыз баланы ойнатып жүргенін көрсетті.
“Мен тек баласы бар келіншек аламын. Алла сұрағанымды берді”, – деп жазды актер.
-
"Екі айда үш рет ота жасады": Жахан Отарғалиев басынан өткен ауыр күндерін есіне алды
-
“Құны 150 млн теңгелік Gelandewagen сұрады”: Жахан Отарғалиев үйленуге қатысты сұраққа жауап берді
Еске салайық, актердың анасы баласы бар әйел алуға кеңес бергенін жазған едік.
“Сен баласы бар келіншекке үйленші. Баланың еш кінәсі жоқ. Саған ол өз балаңдай болып кетеді. Бала деген еш уақытта саған масыл болмайды. Бала – деген бақыт. Баланың артынан бала ілеседі. Осы туралы ойланып көр. Сен айтпағанмен мен бәрін де жүрегіммен сеземін. Себебі мен – анамын", – деген еді анасы.
Айта кетейік, Балжан Бидаш бұрынғы күйеуінің үйленгеніне қатысты пікір білдірген еді.