Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыныптастары Аша Матайға тосын сый жасады (фото)

Күні кеше Аша Матай барша түлек пен ұстазды құттықтап, сыныптастарын сағынып жүргенін айтқан болатын. Енді міне Атырауда жүрген сыныптастары да тележүргізушіге ерекше тосын сый жасаған екен. Олар 10 жылдықтарына арнап торт әзірлеп, бетіне сыныптастардың есімін жазып қойған. Арасына өздерімен бірнеше жыл ғана бірге оқыған Ашаны да қосқан.

image

Фото: instagram.com/asha_matai/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Аша Матай бірнеше мектепте білім алса да, Байбосынов атындағы №13 қазақ ұлттық гимназиясының түлектері оны ұмытпаған екен. Торттан дәм татпас бұрын оны суретке түсіріп Ашаға жолдаған.

Тосын сыйды көрген Аша Матай қуанышын жасыра алмады. “Атыраудағы сыныптастарым 10 жылдық кездесу өткізіп, мынандай тортқа менің есімімді жазғандарыңа рахмет! Құтты болсын, сағындым сендерді! Армандарың орындалып, аман-есен жүріңдер!

Мектеп директоры Оңғарсынов Кәдім Оңғасынұлына жалынды сәлем жолдаймын! Бұл кісіні қатты құрметтеп, сыйлаймын. Ол кісіні қатал, өз ісіне адал, іскер, білімі жоғары әрі адамгершілігі зор, жақсы адам ретінде үй ішімізбен жиі еске алып отырамыз”, – деп сүйікті ұстазына ұзақ ғұмыр тіледі.

13277829_949034405195527_213266454_n

Торттың суретін көрген желі қолданушылары қапы қалмай, сынауға кіріскен. “Неге азан шақырып қойған атыңды жазбаған?” сынды сауалдар қойған. Арасында жағымды пікір білдіріп, сыныптастардың ұйымшылдықтарына қайран қалған жандар да жетерлік.

Аша Матай 11 жыл ішінде 4 мектеп ауыстырып, Үшарал, Лепсі, Атырау, Алматы қалаларында білім алған.


Жіберіп алмаңыз:

Белгілі продюсер Аша Матайдың жүкті екенін айтты

Аша Матай сәнді киім жарнамасына түсті

Қазақстандық жұлдыздар туған сіңлілеріне қаншалықты ұқсайды?

Интернетті “жарған” балақайлар Арманның алдында Ашаны ыңғайыссыз жағдайға қалдырды

Талқылау