Сұлтан Зауырбек Ұлыбританияда жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек (16-0,12 КО) Ұлыбританияның Телфорд қаласында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Sports.kz
Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Зауырбек 1 наурыз күні Ұлыбританияның Телфорд қаласында өтетін бокс кешінде кезекті жекпе-жегін өткізеді. Отандасымыз әу баста, аргентиналық Карлос Даниэль Кордобаға (16-11, 4 КО) қарсы жұдырықтасу керек болса, кездесуге 3 күн қалғанда қарсыласы жарақат алып қалған. Енді ол колумбиялық Виктор Хулиомен (17-10, 9 КО) жұдырықтасады.
Айта кетейік, Сұлтан Зауырбек Ұлыбританияда әлемге әйгілі боксшы Энтони Джошуамен бірге жаттығады.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ