Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сұлтан Сүлеймен" телехикаясының актері бұрынғы сүйіктісін соққыға жыққаны үшін түрмеге қамалды

Фото: rusnews

"Сұлтан Сүлеймен" фильмінде Рүстем пашаны сомдаған түрік актері Озан Гювен бұрынғы сүйіктісін соққыға жыққаны үшін істі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Актер 2 жыл 3 айға сотталды.

Тұрмыстағы жанжал 2020 жылы басталған. Озанның бұрынғы ғашығы Дениз Болуцуз жігітінің зорлық-зомбылық көрсеткенін айтып, сотқа берген. Алайда актердің өзі бәрін жоққа шығарып, қыздың өзі бірінші болып агрессия танытып, оған шабуыл жасағанын мәлімдеді. Денизге “шабуыл жасады және жала жапты” деп айыптап, моральдық шығын үшін өтемақы төлеуді талап етті.

Нәтижесінде сот қыздың жағына шықты. Куәгерлердің сөздерін зерттеп, Булуцузға психологиялық сараптама жүргізгеннен кейін Озан кінәлі деп танылды. Оған 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот оның барлық қарсы талаптарын қанағаттандырған жоқ. Дениз Болуцуз бұрынғы сүйіктісін 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Кино жұлдызы “Қорлау" және "зорлық пен қорқыту арқылы бас бостандығынан айыру" бабы бойынша кінәлі деп танылды. Салдарынан актер 2 жыл 3 айға сотталды.



Айта кетейік, Сұлтан Сүлейменнің рөлін сомдаған актер Түркияда түрмеге қамалғанын жазған едік.

Сот оларды Ыстамбұлда өткен наразылық акцияларына байланысты қозғалған іс аясында жалған куәлік бергені үшін кінәлі деп таныды. Сот шешімі бойынша Халит Эргенч 1 жыл, 10 ай және 15 күнге бас бостандығынан айырылды. Ал оның әріптесі Рыза Коджаоғлу 1 жыл 8 айға сотталды.

Алайда үкімнің орындалуы кейінге қалдырылды, бұл белгілі бір жағдайларда айыпталушыларға қатысты шешімнің өзгертілу мүмкіндігін білдіреді.

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 20 Маусым, 2025 12:55
Талқылау