Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сұлтан Сулейман" телехикаясындағы танымал актриса қайтыс болды

“Сұлтан Сулейман” тарихи телехикаясы арқылы көпшілікке танымал болған актриса Сабина Тозия 75 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы сериалда Хюррем Сұлтан рөлін ойнаған Мерием Узерли мәлімдеді. 

"Мен сені қатты жақсы көремін. Біз "Сұлтан Сулейман", " Ананың жарасы" және "Мафия әлемді басқара алмайды” деген үш жобада бірге жұмыс жасадық. Кеше сен бізді тастап кеттің. Жүрегім қанжылап тұр", – деп жазды Узерли.

Өлімнің себебі айтылмады, бірақ 2021 жылдың басында Тозияға ми ісігі диагнозы қойылғаны белгілі.

Актрисаға ота жасалды, бәрі ойдағыдай өткен болатын.

Сабина Тозия 1946 жылы 17 сәуірде Скопьеде (Солтүстік Македонияда) дүниеге келген. Ол актерлықты сол жақта меңгерген. 

Актриса 2011-2014 жылдар аралығында жарық көрген "Сұлтан Сулейман" сериалындағы Сұлтан Сулейманның екінші анасы Афифе-Хатунның рөлімен танымал. Тозия соңғы жобасынан денсаулығына байланысты шығып кетуге мәжбүр болған. 

Талқылау